Құқық қорғау органдары

Базарлардағы камералар ұрлықтарды ашуға сеп

Петр Климов – СҚО ІІД криминалдық полиция басқармасының бастығы:

– Базарларда арнайы жедел-іздестіру бөлімшелері жұмысын бастағалы сауда объектілеріндегі қылмыстар саны азайып отыр. Сондай-ақ, оларды ашу көрсеткіші де артты. Бұл ретте бейнекамералардың пайдасы мол. Бұл жолы ұсталған жігіттер аяқ киімді саудагерге қайтарды. Тергеу барысында ұрылардың бірі бұрын да осыған ұқсас қылмыс жасап қоғамдық жұмыс істеп айыбын өтеуге тартылған. Қазіргі уақытта екеу де тергеу изоляторына қамалған.

«Алтын Арман» базарында полицияның жедел-іздестіру бөлімшесі екі жыл бұрын құрылды. Мұндағылар жыл басталғалы 10 қылмыстың бетін ашты. Сауда объектісінде 94 бақылау камерасы бар. Ал, оларды тәртіп сақшылары жедел-іздестіру бөлімшесіндегі монитардан бақылап отырады.

Петр Климов – СҚО ІІД криминалдық полиция басқармасының бастығы:

– Петропавлдағы базарларда, адам көп жүретін орындардағы қоғамдық тәртіпті бақылау мақсатында ІІД бастығының бұйрығымен жедел-іздеу топтары құрылды. Осылайша тәртіп сақшылары адам аяғы көп базарларда жасалатын қылмыстарды ашып, ескерту, алдын-алу сынды жұмыстар жүргізетін болады. Жыл басынан қала базарларында тіркелген қылмыстардың жартысы бейнекамералар көмегімен ашылған.

Сондайақ, Қалта ұрлықтарын жасайтын баукеспелер де тәртіп сақшыларының ерекше бақылауында. Петропавлда бұл санатқа кіретін 18 тұлға есепте тұр.

Акбопе Танирберген