Спорт

“Петропавл барысы” анықталды

Негізі жарыс ережесі бойынша палуандарға 5 минут уақыт беріледі. Бірақ, спортшылардың мына жұбы оның тек 3 минутын ғана пайдаланған. Өйткені, кілемге шыққан Ұлан Рахметолла қарсыласы Ерболат Аманжолға екі жартылай жамбас әдісін қолданып, жеңіске жетті. Айту керек, қос палуан бұрын-соңды жарыс алаңында кездеспеген.

Ұлан Рахметолла – ҚР ҰҰ Әскери институтының курсанты:


–  Күреспен 12 жасымнан айналысамын. Бірақ бүгінгі кездесу қиын болды. Қарсыласым мықты екен.

«Петропавл барысы» жарысы шаһарда осымен 4-ші мәрте ұйымдастырылуда. Биыл бұл аттақ үшін 16 палуан бақ таластыруда. Әрқайсының жеңіске деген үміті зор. Өйткені, үздік 3-ке енген спортшылар мамырдың 7-сі күні қала намысын облыстық «Қызылжар барысында» қорғамақ.

Асылхан Булатов – жарыстың бас төрешісі:

 

– Әр палуан 4 кездесуден өткізеді. Салмақтары 75-тен жоғары. Жастары +18. Ең үлкен қатысушы 1979-шы жылғы Алпысов Дулат.

Жүлде қоры – 100 мың теңге. Оның тең жартысы жеңімпазға берілмек. Сонымен қатар, бірінші орынды иеленген палуан күміс пен алтыннан жасалған құны 165 мың теңге болатын мына жеңімпаз белдігін алады. Биыл оны Дәурен Нұрғожин иеленді. Ал екінші орынға Дулат Алпысов тұрақтап, 30 мың теңгеге қол жеткізді. Үздік үштікті Ғабдулин Абзал тұйықтап 20 мың тегені қоржынына салды.

Ақбөпе Тәңірберген