МТРА жаңалықтары

Петропавлда “Жас батыр” акциясы өтті

Осылайша оқушылар 6637 әскери бөліміндегі сарбаздардың өмірімен жақынырақ танысты. Ал, мына шетте балалалар назарына қару-жарақ көрмесі ұсынылған. Мынау – РПГ 7-В танкке қарсы қол гранатамеді. Ал, әріректе техникалар тұр. Р-142-АШ командалық-штабтық көлігі көмегімен әскерилер кез-келген жерден орталықпен байланыс орната алады.

Сайлаухан Өтегенов, 6637 әскери бөлімінде міндетін өтеуші:

– Бұл көлікте 4 радио орналасқан.Кез-келген қашық жерде, пологонда байланыс орнатуға болады.

“Жас Батыр” республикалық акциясының оқушылар үшін маңызы зор. Жас өрендер әскери бөлімге келіп, Отан Қорғаушылардың бір күндік өмірімен таныса алады.

Архат Тәттімбетов, ҚР ҰҰ 6637 әскери бөлімі командирінің орынбасары:


– Бүгін балаларға жеке құрам, солдаттардың жатын жайы техникалар таныстырылады. Кейін арнайы ашық сабақ өтеді.

Тапаш Мергеновтың жасы 13-те. Кәмелетке толғасын еліміздің қарулы күштері қатарында қызмет етуді көздейді. Бүгін Әскери бөлімдегі әр нәрсеге қызыға қарап жүрген жеткіншек тезірек өсіп, қару асынып тыныштықты күзеткісі келеді.

Тапаш Мергенов, әль-Фараби атындағы №18 атындағы орта мектептің оқушысы:

– Маған көліктер де, қару-жарақтар да ұнады. Отан аодындағы борышын өтеу әр жігіттің міндеті.

Бүгінде Петропавлдағы 6637 әскери бөліміде еліміздің әр түкпірінен келген 500-ден артық сарбаз ел алдындағы борышын атқарып жүр.

 

Ақбөпе Тәңірберген