МТРА жаңалықтары

Мамырдың 4-і көзі тірі болса Геннадий Зенченко 80 жасқа толар еді

Лариса Диденко – «Зенченко и К» КС хатшысы:

– «Ол кісі өзгелерге мейірбан, көптің бұйымтайын тыңдап көмек қолын созудан ешқашан бас тартпайтын. Өзгенің қайғысын жақсы сезетін. Біреулер баспана мәселесімен, басқалары ақыл-кеңес сұрап келетін. Геннадий Иванович зейнеткерлерді, әсіресе, ардагерлерді назарынан тыс қалдырмайтын.

Виктор Самойленко КС-те 20 жыл бойы бас агроном қызметін атқарып келеді. Атуынша, Геннадий Иванович оны жұмысқа ұқыпты болуға үйретіпті.

Виктор Самойленко – «Иван Зенченко» ЖШС бас агрономы:

– 90-шы жылдардың басында Новоникольское селосының тұрмысы онша болмайтын. Сол жылдары Геннадий Иванович алдына үлкен мақсаттар қойып, халықтың жағдайын жоғары деңгейге көтерді. Көп істің басы қайрылды. Бүгінде мыңдаған тонна өнім аламыз. Егістік алқаптарының аумағы ұлғайып келеді. Көршілес аудандарда жеріміз бар.

Елді мекенде тек қана еңбекқор жандар тұрады. 40 жылдың ішінде тұрғындар кезінде қалыс қалған совхозды бүгінде алдыңғы қатарлы шаруашылықтардың қатарына қосты. 4 мал кешені, сүт зауыты. Мұндағылар агроөнеркәсіптік кешенде де үлкен жетістіктерге жеткен.

Владимир Козлов – «Зенченко и К» КС бригадирі:

– Қазір сиыр басынан 25 литр сүт алатын болдық. Шаруашылық қожайыны Геннадий Геннадевич өндіріс қуатылығын арттыруға дәмелі. Мүйізді ірі қараның басы көбейе түсті. 5 мыңнан 7 мыңға жетті. Өзге фермерлер бізге үйрену үшін келеді.

Любовь Гафитулина еңбек жолын қарапайым сауыншылықтан бастаған.
Бүгінде мал кешенінің бригадирі. Геннадий Иванович кезінде жас келіншектің бойынан көшбасшылық қабілетті көріп, еткен еңбегіне қарай көтермелеп отырған.

Любовь Гафитулина – «Зенченко и К» КС № 3 мал кешенінің бригадирі:

– Ол кісі маған әкемдей болды. Бізді малға күтім жасауға үйретті. Ұжымға үлкен отбасы ретінде қарады.

Мұндағылардың айтуынша, Геннадий Иванович жетімдерге қамқор болған. Петропавлдағы балалар үйінен бірнеше баланы өз қамқорлығына алып, жұмыспен қамтыған. Вера Калагина ол кісінің жақсылығын өмір бойы ұмытпаймын дейді.
Қазіргі таңда Новоникольское селосы гүлденіп келеді. Орталықтандырылған жылу жүйесі, дене шанықтыру-сауықтыру кешені, акушерлік-фельдшерлік пункт бар.

Мынау үйлерде ауыл еңбеккерлері тұрады. Күзде 15 жанұя баспаналы болады дейді Геннадий Зенченконың немересі Иван. Ол атасынан туған жерін, еңбекті және адамдарды сүюді үйренгенін айтады.

Иван Зенченко – «Зенченко и К» КС директоры, Геннадий Зенченконың немересі:

– Бала шағымда атам мені танап басына үнемі өзімен бірге алып баратын. Бар білген-түйгенін маған айтып, үйретіп отыратын. Атам сияқты адамдар миллиондардың ішінде жалғыз. Мен баламды ауылдағы еңбекке баулимын.

Ата жолын қуғандар бір саламен ғана шектеліп қалмай болашақта туған ауылдарында спортты дамытпақшы. Жоспарларында теннис кортын, көпфункционалды ойын алаңдарын тұрғызу бар. Өркендеу болған жерде өсім бар. Иван Зенченконың айтуынша, елдімекендегі халық саны артуда.
2 мың адам тұрады. Сәйкесінше, жуық арада селодағы мәдениет үйін жөндеп, балабақша кеңейту міндеті тұр. Сондай-ақ, Геннадий Зенченконың ұрпағы Рублевка және Трудовое селоларында мал кешенін тұрғызбақшы.

Берік Қасен