Әр түрлі

Мамырдағы ауаның орташа айлық температурасы +14 градус болмақ

Екінші онкүндіктің басы қалыпты болады. Ал, мамырдың ортасында күн салқындайды. Өңірдің кей жерлерінде тепература түнде – 2-3 грудусқа дейін төмендейді деген болжам бар.

Гүлзат Ғазизова, “Казгидромет” РММ СҚО бойынша филиалы метеоболжам бөлімінің басшысы:

– Үшінші онкүндіктің басында ауа температурасы 3 жылыдан, 16-ға дейін жылынады. Кей жерлерде сынап бағанасы 22 градусқа дейн көтеріледі.

Синоптиктердің болжауынша мамырда жаңбыр көп жауады. Жауын-шашынның айлық мөлшері 28-38 мм шамасында болмақ.

Гүлзат Ғазизова, “Казгидромет” РММ СҚО бойынша филиалы метеоболжам бөлімінің басшысы:

– Бірінші онкүндіктің соңында және үшінші онкүндікте кей жерлерде өткінші жаңбыр, найзағай болады. Екінші онкүндікте кей жерлерде жауын-шашын күтіеледі.

Жерлестеріміз көктемнің соңғы айының жылы болғанын қалайды. Олардың бірі табиғат аясында қыдырғысы келсе, екіншісі саяжайдағы істі ертерек тындырсам дейді.

–  Аздап жаңбыр жауса да жақсы. Дегенмен, мамырда ыстық күндер көп болсын. Саяжайда атқарар жұмыстарымыз бар. Әрі, көктемгі дала жұмыстары келе жатыр.

Тарих беттеріне көз жүгіртсек мамырдағы ең ыстық күн 80-ші жылдың 24-і тіркеліпті. Онда температура +37 көтерілген. Ал, салқын ауа райы 1946 жылдың 2-ші жұлдызында болған. Ол күні сынап бағанасы – 8 градусқа дейін төмендепті.

 

Байболат Құлтанов