МТРА жаңалықтары

Кәсіпкер Гүлжан Мұқанова тасқыннан зардап шеккендерге 500 мың теңге аударды

Аслан Нұрқанов – қалалық мәдениет үйінің шаруашылық жүргізу жөніндегі менеджері:

– Негізінен заңды тұлғалардың әкелгеніне қарапайым халықтыкіне қарағанда аздау. Жұртшылық көбіне киім-кешек, азық-түлік әкеледі.

Көктемгі су тасқынынан зардап шеккендерге қол ұшын созуға кәсіпкерлер де белсене ат салысуда. Соларды бірі Гүлжан Мұқанова. Бизнесвумен қалада қызыл су жеткен аудандарда болып, жағдайды көзімен көріп, арнайы есеп шотқа қомақты қаржы аударуды жөн санаған.

Гүлжан Мұқанова – “Мұқанова” ЖК директоры:

– Бір күні мен екі баламды алып, тасқынның қандай зардап әкелгендігін көрсету үшін қызыл су басқан аймақтарға бардым. Олар меннен зардап шеккендерге қандай көмек көрсетуге болатындығын сұрады. Сөйтіп, бүгін арнайы есеп шотқа 500 мың теңге қаржы аудардым. Біздің өңірде жаны жайсаң кәсіпкерлер көп. Мен оларды тасқыннан зардап шеккендерге қаржылай көмек көрсетуге шақырамын. Өйткені, киім-кешек пен азық-түлікті халық жайда әкеліп жатыр. Барлығымыз біреудің қайғысына ортақасуымыз қажет.

Бүгінде Петропавлға тасқынның екінші толқыны жетті. Заречный кентіне гидроторап арқылы қатынау тоқтаған. Қазіргі таңда Павлодар облысынан гуманитарлық көмек келеді деп күтілуде.

Евгения Сальникова – қалалық кәсiпкерлiк және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы:

– Былғары зауыты ауданы мен Заречный кенті тұрғындарына сәуірдің 29-30 аралығында елордадан, шаһар тұрғындары мен кәсіпорындардан жиналған 5 тоннаға жуық гумнитарлық көмек таратылды. Заречный кентіне тұрғындар қазір балық питомнигі арқылы қатынауда. Оларды тасымалдау үшін 4 қайық таңертеңнен кешке дейін жұмыс істейді.

Қазіргі таңда тасқыннан зардап шеккендерге қаражылай көмек көрсету үшін арнайы есеп шот жұмыс істеуде. Оның реквизеттері экранда көрсетілген.

Риат Шони