МТРА жаңалықтары

“Қан тапсырып біреудің өмірін сақтап қал” акциясы өтті

Оған қоса тұрғындардың біразы өз еркімен қан тапсыруға келісе бермейді. Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қызметкерлері осы жағдайларды ескеріп, жылына бірнеше рет орталыққа келіп қан тапсыратын болған. Бүгін аталмыш ведомстводан 20 адам келіпті. Солардың бірі – Манар Қабай. “Қан тапсырып біреудің өмірін сақтап қал” акциясына өз еркімен осымен екінші рет қатысуда.

Манар Қабай – СҚО бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті бөлімінің инспекторы:

– Қан тапсыру акциясына өз еркімен қатыстым. Мен хал үстінде жатқан немесе ауыр науқастанған адамдарға көмектескім келеді.

Облыстық қан орталығына өңір прокурорлары да келген. Олар сәуір айында жол апатына ұшыраған Мадина Шегірбаев есімді жерлесімізге қан тапсырып қол ұшын созбақшы.

Руслан Мамбетов – СҚО прокуратурасы 7-ші басқармасының бастығы:

– Мадина Шегірбаева сәуірдің 29-ы Астана-Көкшетау күре жолының бойында жол-көлік апатына ұшыраған. Естуімізше, нәзік жанды көп қан жоғалтқан. Біз осыны естіп, облыстық прокуратурадан 10 адам қан тапсыруға келдік. Өз басым бірнеше рет қан тапсырдым.

Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті, ІІД мен өңір прокурорлары
үш айда бір рет қайырымдылық акциясына қатысып тұрады.

Берік Қасен