МТРА жаңалықтары

Петропавлға “Умягчение злых сердец” Құдай ананың иконасы жеткізілді

Сергей Фомин – иконаны сақтаушы, РФ:

– Бұл икона Софрино деген православ кәсіпорнында шығарылған. Бұндай бейнелердің 100 мыңға жуығы өндірілді. Өзгелерінен ерекшелігі дәл осы икона Матрона құдай ананың сүйегімен дәріптелген. Содан бастап бетінен жұпар иісті май аға бастаған. Ғалымдар зерттеп көрген. Ол майдың құрамында ақуыз бар екендігі анықталды. Жалпы ақуыз адамның бойында да бар.

Құдай ана бейнеленген иконаның Петропавлға жеткізілуі христианданрдың пасха мерекесімен тұспа-тұс келіп отыр. Жалпы “Умягчение злых сердец” суреті түрліше бейнеленген. Онда құдай ананың жүрек тұсына 7 қылыш, пышақ, кейбір бейнелерінде 7 жебе бағытталған. Мұндағы 7 саны – адамдар жиі жасайтын негізгі күнәларды көрсетеді.

Александр – Астана және Қазақстан митрополиті:


–  Мәскеу және Бүкіл Русь Патриархы Кирилл бұл иконаны Қазақстанға Түркістан епархиясының құрылғанына 145 жыл толу мерейтойына орай жіберген. Сол себепті біз құнды жәдігерді республикамыздың ірі қалаларына апарамыз. “Умягчение злых сердец” иконасы үлкен қасиетке ие. Құдайдан тілеп сыйынса, шипасы жоқ онкологиялық ауруларды да емдей алады. Қайғы-қасіретке душар болғандарға да көмектеседі.

Ұзын-сонар кезек құрған теріскейлік православ сеніміндегілер құдай анадан өз тілектерін тілеп, шіркеуден жан рақатан тауып шығып жатырмыз дейді.

–  Мен құдайдан барлық адамдарды қайғы-қасіреттен сақтасын деп тіледім. Қарт адамдарға денсаулық берсін, ал жастарға жігер мен ақыл берсін деп құлшылық еттім.

ауд. Қазір көктемгі су тасқыны болып, алапат апат орын алып жатыр. Соның зардабын шегіп жатқан жандарға көмек берсін деп тіледім. Барлық адамдардың бір-біріне мейірімді болуында сұрадым.

Икона мамырдың 4-іне дейін қалада, келесі күні Сергеевка мен Мамлютка қалаларында болады.

Риат Шони