Қоғам

Жастар мен қарт майдангерлер арасында зияткерлік сайыс өткізілді

Саида Бекбуди – Солтүстік Қазақстан кәсіптік педагогикалық колледжінің студенті:

– Тарихты кәтаптардан оқығанан көрі, қарт майдангерлердің өз аузынан әлдеқайда әсерлі деп есептеймін. Мен сайыстың соңында аталарымнан біраз мәлімет сұрап алмақшымын. Жалпы осындай кездесулерді жиі өткізген дұрыс.

Зияткерлік сайыс барысында 4 топ соғыс жылдарынан бөлек Тәуелсіз Қазақстан жайлы сауалдарға жауап берді. Ұйымдастырушылар осындай шаралар арқылы жастардың бойында аға толқын мен тарихқа деген құрметті арттыруға болады деп есептейді.

Рүстем Есенбергенов – қалалық жастар бастамалар орталығының жетекшісі:

– Осындай шараны жастар мен қарттарды кездестру үшін ұйымдастырдық. Кейінгі толқын аталардан үлгі алуы тиіс.

Білім сайысының жеңімпаздарына қалалық жастар бастамалары орталығының кубогі табысталды.

Берік Қасен