Спорт

Маунтинбайктан республикалық 4-ші жастар ойыны өз мәресіне жетті

Осы аралықта спортшы облыстық деңгейде ғана емес, республикада да өз өңірінің намысын сәтті қорғап, жүлделі орындарды қанжығасына байлаған. Болашақта жасөспірім әлем чемпионы атануды көздеп отыр.

Аружан Ғалымжанқызы – жарысқа қатысушы, Қызылорда облысы:

– Осы маутинбайктан жарысқа ұзақ уақыт бойы дайындалдық. Жүлделі орындар аламыз деген үміттеміз.

Жарыс жолына алғаш болып ұлдар шықты. Бүгін спортшылар бір шақырымдай қашықтықты құрайтын кіші айналымды бағындырулары қажет.

Светлана Сколозубова – жарыстың бас төрешісі:

– Жарысқа Еліміздің 11 облысынан 80-ге тарта спортшы келді. Қазақстан Республикасының 4-ші жастар спорттық ойындарына 1999 бен 2001 жылдар аралығындағы спортшылар қатысуда. Олардың қатарында маунтинбайктан ел құрамасының мүшелері де бар. Сондықтан, сайыс өте тартысты өтеді деген ойдамын.

Әрбір қатысушы ой-шұңқырға қарамастан, жарыс жолына жылдам жетуге тырысып бағуда. Жалпы бұндай ара қашықтықты 2 минут ішінде жүріп өтуге болады екен. Алайда, спортшылар үшін ауа райы аздап кедергі келтіруде.

Александр Бейкенов – жарысқа қатысушы, Қарағанды облысы:

– Кіші айналымның жолы жақсы. Жарыста ешкім құлап-сүрінбейді деп ойлаймын. Таулы жерде жоғары жылдамдықпен жүріп өткенде, тіпті, қатты желдің өзі байқалмайды. Оған қоса, біз түрлі ауа райында дайындалған едік.

Маунтинбайктан ҚР 4-ші жастар ойынының нәтижесі бойынша жалпыкомандалық есепте теріскейлік команда жеңіс тұғырынан көрінді. Күміс жүлдені Алматы облысының спортшылары иеленсе, 3-ші орынға астаналық маунтинбайкшылар жайғасқан.

Эльмира Садвокасова