Қоғам

Бескөл құс фабрикасында мемориалдық тақта ашылды

Көрсеткіштің жоғары болуына Владимир Дремасовтың қосқан үлесі зор. Ол 80-ші жылдары өңірдегі құс өнеркәсібіне басшылық еткен. Сол кездері облысымызда Бескөл, Солтүстік және Бройлер құс фабрикалары жұмыс жасапты. Бүгін Владмир Кудратовичті туған-туыстары мен жақындары еске алуда. Өйткені, сәуірдің 30-ы күні ер азамат көзі тірі болса 80 жасқа толар еді.

Валерий Маслов – «Одақ» ҚБ төрағасы, Қызылжар ауданы:

– Владимир Дремасовты мен бала кезден танимын. Екеуіміз жақын дос болатынбыз. Ол еңбек жолын зоотехниктен бастады. Барлығы оны үлгі тұтатын. Жұмысқа жауапты әрі тиянақты еді. Барлығына көмектесіп, қол ұшын созудан шаршамайтын.

Владимир Дремасовты еске алуға қарындасы Светлана Сущенко да келді. Нәзікжандының айтуынша, оның ағасы қарапайым жан, отбасыларының арқасүйер азаматы болған.

Светлана Сущенко – Владимир Дремасовтың қарындасы:

– Мен Дремасовтар отбасының кенже қызымын. Әкемізден ерте айырылдық. Сондықтан, ағам Владимир біз үшін әке де бола білді. Өз басым оны үлгі тұтамын. Ағатайым ауылға келген кезде көршілеріміз біздің жаққа жиналатын. Айтар әңгімесі де қызықты еді.

«Одақ» ҚБ-нің бастамасымен Владимир Кудратовичтің құрметіне орай Бескөл құс фабрикасында ескерткіш тақта орнатылды. Оның ашылуына ауыл тұрғындары жиналып, гүл шоқтарын қойды.

Айгерім Ержанова