Аптадағы маңызды жаңалықтар

СҚО-да 218 үйден су кеткен жоқ

Антон Федяев – көктемгі су тасқынына қарсы облыстық штабтың жетекшісі, СҚО әкімінің орынбасары:

– Таяу үш күнде Петропавлда су тартылып, қайтадан көтеріледі. Қысқа мерзім аралығында жағдайды бағамдап, төменде орналасқан елді мекендер маңына кіші бөгеттерді тұрғызып үлгеру қажет. Екінші толқынды тұрғындар байқамауы да мүмкін. Бірақ, төтенше жағдай біраз уақытқа созылары анық. Босаңсуға әлі ерте.

Қазіргі таңда Қызылжар ауданына қарасты бірнеше елді мекенге әлі де қауіп төнуде. Тізімде Соколовка, Вишневка, Большая Малышка селолары бар. Жалпы бүгінде облыс бойынша барлығы 218 үйде су тұр. Көшпелі брифингте тілшілер Ғ.Мүсірепов ауданы тұрғындарының жағдайын ескерді.

Антон Федяев – көктемгі су тасқынына қарсы облыстық штабтың жетекшісі, СҚО әкімінің орынбасары:

– Ғ.Мүсірепов аудандық ардагерлер кеңесінің есеп-шотына 12 млн теңге жиналды. Түрлі ұйымдар мен қазақстандықтардан қаражатты әлі аударып жатыр. Рузаевка селосына келтірілген шығын 60 млн теңгеге бағаланды. Оның дені қираған – 9, апаттық деп танылған 3 үйдің қожайындарына бөлінді. Бұдан өзге кейбір баспаналардың едендері мен терезелерін ауыстыру керек.

Өңірде тасқыннан зақымдалған әрбір үйге жеке портфолио жасалады. Соған қарап материалдық шығындары есептелмек. Тұрғындардың қашан үйлеріне ораларын ешбір маман дөп басып айта алмай отыр.

Берік Қасен