МТРА жаңалықтары

Петропавлда Қазақстан халқының бірлігі күні бірнеше жерде аталып өтіледі

Күні бойы орталық алаңда концерттік бағдарламалар жүргізіліп, шаһардың ең кішкентай тұрғындарына арналған театрландырылған қойылым көрсетіледі. Ал кешкілік уақытта жастарға арналған музыкалық шара ұйымдастырылады. Сонымен қатар, бұл күні Қазақстаның Конституциясы көшесіндегі би алаңының жазғы маусымының ашылуы болады. Бұдан бөлек, мамырдың бірі күні “Достық кемпірқосағы” деп аталған кітапханашылар тобы кітапқұмар жандар үшін әдеби сайыс өткізбек.
Сондай-ақ, “Біз қазақстандықпыз” атты фотогалерея мен қолданбалы өнер шығармашылығының көрмесі ұйымдастырылады. Ал, Абай және Пушкин ескерткішінің маңында өтетін сайыстарда спортсүйер қауымның өз күштерін сынауға мүмкіндігі бар. Тәуелсіздік стеласының қасында ұлттық мәдениет фестивалі өтіп, ойындар мен сан алуан байқауларды тамашалай аласыздар.

 

Айгерім Ержанова