МТРА жаңалықтары

Өңір судьялары Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында мерекелік шара ұйымдастырды

Ал «Достық» ұжымы кәріс халқының мәдениетін таныстыруда. Ұзын етекті кең көйлек киіп, қолдарына желпуіш ұстаған қыздар бұл ұлттың бизылығы мен сабырлығын көрсетуге тырысты. Топ мүшесі Әсемгүл Әбілмажинованың айтуынша, кәрістердің би қимылын үйрену сәл қиындау болған. Өйткені, кәріс өнерінің мән-мағынасын жеткізу үшін қолдағы құралды да дұрыс ұстау керек екен.

Әсемгүл Әбілмажинова – СҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының жетекші маманы:


– 1 апта дайындалдық Би оңай, бірақ желпуіштермен жұмыс жасау қиындау, әрине. Бірақ біз тырыстық.

Ұлттардың мәдениетін таныстыруда 4 команда бақ таластырды. Бұл сайыс екі кезеңде өткізілді. Алғашқысында судьялар ұлттық биде сыналса, екіншісінде ән айтып жарысты.

Әсемгүл Есқожа – «Қоғамдық келісім» КММ басшысы:

– Мұндай шараны өңір судьялары ұйымдастырып жатқандығы қуантады. ӨҚйткен, бьұл конкурс бірпнеше ұлтты біріктіріп, өзге ұлттардың мәдениетін тануға септеседі.

Байқау соңында ұлтаралық татулық үлгісі мен этностардың мәдениетін таныстырған үздіктер анықталып, марапатталды.

Айгерім Ержанова