Билік

СҚО су басудың екінші толқыны келеді деп күтілуде

Антон Федяев – көктемгі су тасқынына қарсы облыстық штабтың жетекшісі, СҚО әкімінің орынбасары:

– Есіл өзенінің екінші мәрте көтерілуі Ақмола облысынан келген суға байланысты болып тұр. Осыдан бірнеше күн бұрын аталған өңірде «Тасты карьер» су бекетіндегі көл деңгейінің жоғарылағанын байқаған едік. Енді одан келген тасқын біздің Западное селосындағы «Тоқсан би» су бекетіне құйылуда. Оның деңгейі 45 см-ге дейін көтерілген.

Қазір Заречное кенті мен облыс орталығын байланыстыратын жол толығымен су астында жатыр. Ал оның қашан қалыпқа келетіні беймәлім. Себебі, судың келуі әлі де толастар емес.

Антон Федяев – көктемгі су тасқынына қарсы облыстық штабтың жетекшісі, СҚО әкімінің орынбасары:

– Өткен тәулікте Петропавл су қоймасының жоғарғы жағында су деңгейі 6 см-ге, ал төменгі жақта 10 см-ге көтерілген. Мұндай жағдай Покровка елді мекенінде де тіркеліп отыр. Онда қызыл су 2 см-ге жоғарылаған. Ал Новоникольское селосында керпісінше, 35 см-ге төмендеді.

Есілден аққан тасқын су қазір Пестрое көліне қосылып, жайылып кеткен. Салдарынан Қызылжар ауданының Прибрежное ауылы су астында қалды. Әзірге, тасқын басқан тұрғын үйлердің саны белгісіз. Мамандар оны анықтау үстінде.

 

Айгерим Ержанова