Қоғам

СҚО-на тасқыннан зардап шеккендерге елордадан гуманитарлық көмек жіберілді

Қауіпсіз аймаққа көшірілгендердің бірі Төлеген Шігіров. Ол көпқабатты тұрғын үйдің бірінші қабатында тұрыпты. Баспанасын су басқан. Үстіндегі киімен басқаларын, тіпті құжаттарын да өзімен бірге алып үлгермеген. Тасқын заматта келді дейді.

Төлеген Шігіров – Былғары зауыты ауданының тұрғыны:

– Қызыл судың қалай жеткенін білмей қалдым. Үйден шықсам жан-жағымда тасқын. Барлығы тез болды. Маған бірінші кезекте қазір сабын, тіс пастасы, қырынан ұстара керек. Киімдерімде жоқ. Жалпы эвакуациялақ пункте жағдай жақсы. Күнделікті ыстық тамақ беріледі. Біреу ауырып қалса медицианалық қызметкерлерде осында.

Былғары зауытындағы №12 орта мектептің спорт залы тасқын кезіндегі эвакуациялық пунктіге айналған. Мұнда 40 жатын орны бар. Үй-күйсіз қалғандар, баратын жерлері болмағандықтан осында паналауда. Арнайы штаб құрылып, ондағылар күні-түні келгендерді қабылдайды.

Айтқожа Баукенов – №12 орта мектеп директоры:

– Сәуірдің 25-і күні адам көп келді. Біз таңғы 5-ке дейін қабылдадық. 24 адам келді.

Бүгін Петропавлға елордадан жіберілген гуманитарлық көмек жетті. Көлікке тиелген жүк 4 тоннаға жақын. Біреудің қайғысына бей-жай қарамай ортақтасқан жаны жайсаң жандар сәуірдің 17-сі күні “Тасқынкөмек” атты акцияны қолға алған. Шараға қоғам қайраткерлері, еріктілер, зейнеткерлер ұзын-саны 300-ден астам адам қатысып, қолда барын аямаған. Олар біздің өңірден бөлек тағы екі жүк көлігімен Ақмола мен Қарағанды облыстарына гумманитарлық көмек жіберіпті.

Алпамыс Әбенов – ерікті, Астана қаласы:

– Біз тез бүлінбейтін азық-түлік, киім-кешектер мен қажетті заттарды әкелдік. Бұндай қиын жағдайда қалған адамдарға барынша қол ұзшын созу керек.

Енді елордадан жеткен көмек облысымызда тасқыннан зардап шеккен жандарға тең бөлініп берілмек. Ол үшін арнайы комиссия құрылып, оған қоғам өкілдері, қызыл судың кесапатын тартқандар мен жергілікті атқарушы орган қызметкерлері мүшелік етеді.

 

Риат Шони