Қоғам

Қазақстан халқы Ассамблеясының 25-ші сессиясына 47 теріскейлік делегат қатысты

Нұрсұлтан Назарбаев – Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы:

– Большие возможности перед Ассамблеей открывает проект «Малая родина». Хочу особо подчеркнуть важность этого проекта для всех казахстанцев. У каждого, кто сформировался как личность в Казахстане, есть своя малая Родина.

Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев сессия қатысушыларына болашақта әрбір қазақстандықты бәсекеге қабілетті, жан-жақты, өзгеріске тез бейімделе алатын тұлға ретінде көргісі келетінін айтты.

Нұрсұлтан Назарбаев – Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы:

– Во-первых, я посчитал, что это – созидательная личность, конкурентоспособный в глобальном мире. Идентичность означает, что мы должны придерживаться одной цели.

Солтүстікқазақстандықтар да мінберден сөз алып, өз ойларымен бөлісті. Солардың бірі -дәрігерлер әулетінің өкілі Ольга Шумакова. Еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған делегаттардың арасында 130-дан астам этнос өкілі бар. Орыс, неміс, кәріс, тәжік тағы басқалары. Ұлттары басқа болса да мақсаты бір – ол ішкі тұрақтылықты сақтау. Ауқымды жиналысқа теріскейден 47 делегат қатысты.

Наиль Салимов -Солтүстік Қазақстан облыстық халқы ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі:

– Келелі кездесуде институттың жұмысы туралы кеңірек айтылды. Сондай-ақ, жиналыста “Мәңгілік ел” жобасы аясында атқарған шаруаларды жіпке тіздік.

Сессия қатысушыларының назарына ЭКСПО тақырыбына арналған көрме ұсынылған. Арман Тосқанбаев қолдан жем өсіруге болатын автоматтандырылған құрал-жабдықтарды өндіретін компанияны басқарады. Қазақстандағы жалғыз жоба – мал шаруашылықтары үшін таптырмайтын құрал. Бүгінде қарағандылық жас кәсіпкердің технологиясы еліміздегі 100-ден артық шаруа қожалығында қолданыста.

Арман Тосқанбаев – «Жаңа жасыл технологиялар» компаниясының жетекшісі:

– Осы құрылғы арқылы қыс мезгілінде де бидайды өсіре беруге болады. 33 келі тұқымнан 165 килограмм мал азығы алынады. Соның арқасында азық дақылдарының құнын 3 есеге дейін арзандатылады. Осынадй құрылғының біреуі 165 мың теңге тұрады. Ал көршілес Ресейде 2 есе қымбат.

3 сағатқа созылған сессиядан қазақстандықтар рухтанып, келелі ой, жаңа идея түйіп шықты.

Президент тапсырмасы бойынша, 2018 жылы Қазақстан халқы асссамблеясының мультимедиялық порталын және “Қазақстан халқы” тарихи интерактивтік картасын әзірлеу керек. Бұл жоба ақпарат кеңістігін кеңейтуге мүмкіндік береді.

Берік Қасен