Қайырымдылық

№8 мектептің оқушылары Диана Бейсенбаева арналған қайырымдылық концентін өткізді

Диана Әбілмәжінова, №8 орта мектептің директоры:

– Біз қорытынды концерт өткізу үшін арнайы филармониямен келісім шартқа отырған болатынмыз. Бұл қайырымдылық шарадан түскен қаржының барлығы Диана Бейсенбаеваға беріледі. Үлкен концерт ұйымдастырылып, билеттер сатылды. Өнерлі оқушылар ән айтып, би билейді.

Әне-міне дегенше оқушылар ұйымдастырған қайырымдылық концерті басталып та кетті. Сахна шымылдығын білім ұясының хоры “Мың бала” әнімен ашты.

Кейін мектептің 3 сынып оқушысы Нұрәли қаббас “Он алты қыз” әнін шырқады. Филармония залындағы 600 орын лық толы. Ине шаншар жер жоқ. Ұзақ уақыт бүгінгі шараға дайындалған өнерлі оқушылардың көрермендері – ата-аналары. Барлық билет сатылып, 400 мың теңгеден артық қаржы түскен. Сахнаға шығып, ән салып би билеген балалардың барлығының тілегі бір. Ол – мидың қатерлі ісігіне шалдыққан Диана Бейсенбаеваның құлан таза айығып кетуі.

Жақсылық Төрехан, №8 орта мектептің оқушысы:

– Мен 12-демін. Диана 14-те. Ол қатты сырқат. Оған көмектескіміз келеді. Сондықтан бүгінгі концертке ұзақ дайындалдық.

Нұрәли Қаббас, №8 орта мектептің оқушысы:

– Дианаға өнеріммен болсын көмектесе алатыныма қуаныштымын. Әлемдегі барлық балалар ауырмаса екен деп тілеймін.

Диана Бейсенбаева жақында ғана 14-ке толды. Миында 2-ші кезеңдегі қатерлі ісіктің бары былтыр ғана анықталған. Оған дейін мына балалар сияқты би-билеп, ән салып, сабағын да үздік оқыған. Диана бүгінгі концертке келе алмады. Тезірек ота жасамаса миындағы ісік ұлғайып кетуі мүмкін еді. Бұдан хабардар болған қайырымды жандар оның шотына ақша аударып, қазір қыз Мәскеуде ем алып жатыр. Ота жасалып, кейін оңалтудан өтуі керек. Ал, Ресейдің нейрохирургтері тек бастапқы операцияға ғана 6,5 млн теңге сұратыпты. Мұның бәрі Бейсенбаевтар отбасы тиісті қаражатты толық жинағанда ғана жүзеге аспақ. Дианаға қаржылай көмек көрсеткісі келетін жандарға анасы Инеш Бейсенбаеваның реквизиттерін ұсынамыз. Сондай-ақ, экранда телефон нөмірі көрсетілген.

Бейсенбаева Инеш Амантайқызының реквизиттері:
жеке төлқұжатының № 036 240 684
ЖСН 700 214 450 062
тел: 8-778-150–48-18; 8 (962) 046-86-33
Халық банкі 4402 5735 0645 5163

 

Акбопе Танирберген