Мәдениет

Солтүстікқазақстандық жас суретшілер Вернадский атындағы 24-ші бүкілресейлік жасөспірімдер оқуларынан жүлделі оралды

Яна Савенкова – Өнер колледжі – музыкалық-эстетикалық бейіндегі дарынды балаларға мамандандырылған мектеп-интернат кешенінің студенті:

– Өз басым суретші болғандықтан бұл тақырып мен үшін жақын. Шіркеудегі иконалардың қасиетін білсек те оның қай уақытта және қалай жасалғандығынан хабарымыз жоқ еді. Сондықтан, осы төңіректе зерттеу жұмысын жүргізуді жөн көрдік. Қаладағы шіркеулерге, мұрағат пен мұражайларға барып, барлық мәліметті жинауға тырыстық. Үлкен және ауқымды жоба болып шықты.

Жалпы, Яна Савенкованың жобалар сайысына қатысып жүргеніне биыл үшінші жыл. Оған дейін нәзікжанды екі жыл қатарынан қала архитектурасының тарихына қызыққан. Өткен жылы оның ізін басып, сәулет өнерін зерттеуге Виктория Замалиева мен Александра ШевцОва ден қойыпты. Жасөспірімдер 19-ғасырдың соңы мен 20-ғасырдың бас кезінде шаһарда салынған сәулет нысандарының тарихына үңіліп, олар жайлы мағлұмат іздестірген. Бұл жоба да В.И.Вернадский атындағы 24-ші бүкілресейлік жасөспірімдер оқуларында үздіктер қатарынан көрінді.

Виктория Замалиева – Бірінші қалалық жалпы білім беретін лицейдің оқушысы:

– Біз бекітілген уақыт аралығындағы сәулет өнерінде танымалдылыққа ие болған “солтүстік модерн” және “неорус” бағытында жұмыс істеуді жөн көрдік. Қалада орналасқан ғимараттарды аралап, олардың салыну уақытын белгіледік. Нысандардың басым бөлігі бүгінгі күнге дейін сақталмаған. Сол себепті, бұрынғы суреттер мен мұрағат деректеріне жүгінуге тура келді. Ғимараттар құрылысы мен безендірілу стилін Еуропа елдеріндегі сәулет өнерімен де салыстырдық.

Жасөспірімдерге кеңес беріп, бағыт-бағдар көрсеткен жетекшілері Людмила Петровнаның айтуынша, болашақта бұл жобалар өз жалғасын таппақ. Келешеке зерттелген жұмысты біріктіріп, кітап басып шығару жоспарда бар.

 

Эльмира Садвокасова