Денсаулық сақтау

Міндетті медициналық сақтандыру жүйесі 2018 жылы іске қосылады

Мәриям Бапанова – СҚО денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы:

– Жалдамалы қызметкерлер үшін жарнаны жұмыс беруші төлейді. Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар өздері төлейді. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жарна төлеуден азаматтардың 14 санаты босатылады. Оның ішінде студенттер бар.

Мамандардың айтуынша, тұрғындар тұрғылықты жері бойынша емханаға бекітілуге міндетті. Және сол мекемеде өтінішін қалдырып, өз статусын білгені дұрыс.

Лариса Гордеева- Медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің CҚО бойынша департаментінің басшысы:

– Кейбір жоғары технологиялық күрделі операцияларды елімізде жасау мүмкін болмаса, біз ол тұрғынды өзіміз таңдаған шетелдік ауруханаға жібереміз. Егер сіз сақтандыру жүйесінің қатысушысы болсаңыз, шығынды мемлекет өтейді.

Қорға ай сайын аударылған жарна медициналық көмекке мұқтаждардың еміне жұмсалады. Демек, қорда жинақталған соманы сіз болашақта туыстарыңыздың атына аудара алмайсыз.

Берік Қасен