Қоғам

Мектеп оқушылары макулатура жинап жарысты

Нұрсұлтан Қазақбай, №18 орта мектептің оқушысы:

– Сыныптастарыммен бірге жинастырдық. бізді қаламыз таза болуы керек. Сондықтан аулаларды шашпау қажет.

Бүгінгідей акция Петропавлда екінші рет өткізілуде. Былтыр оқушылар 2 тонна керексіз қағаз жинаса, биыл 1 тоннаға әзер жетіпті. Акция нәтижесінде жиылған макулатура “Вторсырье” ЖШС-не тапсырылады. Кейін, қағаздар Алматы қаласына жөнелтіліп халықтық тұтыну тауарларына айналады.

Абылайхан Қайролла, “СҚО жастар мәслихаты” ЖҚБ төрағасы:

– Мақсатымыз – экологияны сақтау. Оқушылар белсенді қатысты.

Қорытынды бойынша 500 кг қағаз жиған 9 мектептің командасы 1-ші орын алды. 17 мектеп 2-ші, ал 7-ші мектеп үшінші орынды қанағат тұтты. Жеңімпаздарға кинотеатр мен қаладағы музейлерге билеттер сыйланады.

Акбопе Танирберген