Қоғам

Чернобыль апатына – 31 жыл

Жоламан Айтжанов Украинадағы қайғылы оқиғаға немқұрайлық танытпай, 33 жасында апаттың салдарын жоюға қатысқан. Ол 1986 жылы әлемді дүр сілкіндірген жарылыс орын алған кезде Петропавл жылу желілерінде қызмет етіп жүріпті. Сол кезде 2 баланың әкесі атанып үлгерген азамат 6 айға отбасын қалдырып Чернобыльге жол тартқан.

Жуламан Айтжанов:

– Біз терезелерді арнайы қаптамамен жаптық. Сағат 6-дан 2-3-ке дейін істейтінбіз. Сонда 36 адам болдық.

Содан бері талай уақыт өтсе де, Жоламан аға Чернобыльдегі әр сәтін есте сақтаған. Бөгде жерде оның қасында 10-ға жуық жерлесі бірге болған. Кейін елге оралып, араласып та жүрген. Бірақ, апаттың салдары олардың денсаулықтарына да әсер етпей қоймаған. Қазір Жоламан аға екінші топ мүгедегі.

Жуламан Айтжанов:

– Қазір үйдемін. 2-3 айда больницаға барып тұрамын. Тексерістен өтіп, дәрілерімді ішіп тұрамын. Ешкіммен қатынасым жоқ, ешқайда бармаймын.

Қазір Жоламан аға жалғыз тұрады. Отанасы осыдан 4 жыл бұрын өмірден озған. Бірақ баласы мен қызы әкелерін жалғызсыратпай келіп, үй тірлігін жасасуға көмектесіп тұрады. Демалыс күндері немерелері де атасының қасынан табылады екен.


Айгерим Ержанова