Құқық қорғау органдары

Солтүстікқазақстандықтар қызыл судан зардап шеккен жерлестеріне қол ұшын созуда

Қанат Айтбаев – СҚО ІІД Жергілікті полиция қызметінің бастығы:

– Бүгін біз арнайы СҚО ІІД жеке құрамы Рузаевка селосына келіп, өткізіліп жатқан сенбілікке қол ұшын беріп жатырмыз. Құрылыс материалдарын әкеліп, Рузаев селосының тұрғындарына көмектерімізді көрсетіп жатырмыз.

Бұдан бөлек, тәртіп сақшылары жерлестеріне құрылысқа қажетті материалдар мен құрал-жабдықтар, азық-түлік пен жылы киімдер ала келген. Бұл ретте ауыл тұрғындары қиын-қыстау кезде қолдау танытқан полицейлерге ризашылықтарын білдірді.

Полицейлер күн сайынғы қоғамдық тәртіпті қадағалап, жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз етумен қатар, көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын созуға қашан да әзір.

 

Айгерим Ержанова