Білім

Қазақстандық университеттер түлектерді шақыруда

Астана медициналық университетіне жыл сайын 500 грант бөлінеді екен. Бұл бұйырмаса, жылына 610 мың теңге төлеп оқу керек. Аталмыш білім ордасына біздің өңірден жыл сайын 100-150 студент түседі екен. Бар күш-жігерін салып, медициналық университетке түсем деп отырғандардың бірі – 6-шы мектептің оқушысы Инеш Кошегалина.

Инеш Кошегалина, Қожаберген жырау атындағы №6 орта мектептің оқушысы:

– Мен медицина университетіне түскім келеді. Бірінші Алматы, кейін Астана және Қарағанды қалаларына тапсырып көремін.

Ал, С. Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университетінің профессоры – Сағымбек Әлтайұлы 36 мамамандық бойынша ауыл шаруашылығы қызметкерлерін дайындайтын білім ордасына дәл Солтүстік Қазақстанннан түсетін абитуриенттер саны аз деп кейіді. Түлек химия, биология және физика пәндерінен жүйрік болуы керек. Білім алушылардың барлығы жатақханамен қамтылады деді, мейман.

Сағымбек Әлтайұлы, С. Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университетінің профессоры, Астана қаласы:

– Бізде ауылшаруашылық мамандарын дайындаймыз. Солтүстіктен келетіндердің саны аз. Шет мемлекетке кетіп жатады. Көптеп түскенін қалаймыз.

Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау Мемлекеттік Университеті болса студенттерді 39 мамандық бойынша оқытады. Бұл білім ордасынан келгендер биыл түскендерді жаңа жатақханаға орналастырамыз деп отыр. Жыл сайын Солтүстік Қазақстаннан түсетін 400 студенттің көбі Айыртау, Ғ.Мүсірепов аудандарының түлектері екен.

 

Акбопе Танирберген