Құқық қорғау органдары

Петропавлда лазерлік жарығы бар жол белгісі орнатылды

ӘБІЛСЕЙІТ ЖОЛАУШИН – СҚО ІІД ӘКІМШІЛІК ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ:

– Облыс орталығында Мир және Абай көшелерінің қиылысында лазерлік тоқтау сызығы орнатылды. Бұл енді жүргізушілерге қолайлы болу үшін орнатылды. Түнгі уақытта немесе қысқы уақытта жүргізушілерге сызықты көру өте ыңғайлы. Жыл басынан тоқтау сызығынан өтіп кетудің 1000 астам бұзушылығы анықталды. Әкімшілік кодекстің 601-бабы бойынша тоқтау сызығын өтіп кету үшін 5 АЕК көлемінде айыппұл салынады.

Бүгінде облыс орталығының 7 қиылысында жол қозғалысын бақылайтын арнайы жүйе орнатылған. Ал жол таңбасындағы лазерлік жарық әзірге бір-ақ жерде бар. Ол – Абай және Мир көшелерінің қиылысында тұр. Енді жүргізушілердің бұл белгіні байқамай қалулары мүмкін емес.

– Мұндай белгінің түнгі уақытта пайдасы көп. Алыс тоқтаудың қажеті жоқ, тура көз алдыңда. Өзім өте ыңғайлы деп ойлаймын.

Алдағы уақытта мұндай жол белгілері қаламыздың барлық көшелерінде орнатылатын болады. Ал әзірге полицейлер жүргізушілерді қырағылық танытып, қиылыстарда тұрған тоқта сызығына мән беріп жүруге шақырады.


Айгерим Ержанова