МТРА жаңалықтары

Жалпықалалық сенбілікте білім беру ұйымдары 400-ден астам көшет отырғызды

Басқа еңбек ұжымдары болса мекеме учаскесін жинаумен ғана шектелді. Айталық, 2-ші қалалық сотының қызметкерлері кішігірім қоршауларды сырлады. Осы күні көппәтерлі баспаналардың тұрғындары сыпырғыштарын алып аулаларын жиыстырды. Бір сәт балаларын да еңбекке баулып жүр. 9 жасар Алдияр Серікпай шаруаға жарап қалған. Әкесіне қолғабыс еткен ол кедір-бұдыр жерді тырнауышпен тегістеді. Әңгімеге тартып едік, тартынған жоқ. Бірден сұхбат беруге келісті.

Алдияр Серікпай:

– Күн жылынғанда бұл маңда достарыммен доп тебемін, велосипедпен серуендеймін. Аула лас болғанын көргенде ыңғайсызданамын. Мен осы үйде тұрғандықтан ауланы тазалау менің де міндетім деп санаймын.

Алдияр Серікпай оқитын қалалық 9-шы орта мектепте де сенбілік өтіп жатыр екен. Жоғары сыныптың оқушылары 7 түп қарағай және 15 түп қайың көшетін отырғызды.

Вера Егорова – қалалық 9 орта мектептің мұғалімі:

– Біз тұрғындар үшін де тырысып жатырмыз. Мектеп ауласында аналар сәбилерімен келіп серуендейді. Жер жылынысымен көздің жауын алатын, хош иісті гүлдер отырғызамыз. Ойын алаңындағы жабдықтардың бояуын жаңартамыз.

Сәуірдің 22-сі Бүкілқазақстандық ағаш отырғызу күніне орай қаланың білім беру ұйымдарында 420 көшет отырғызылды. Осындай жұмыстар шаһарымыздың негізгі көшелерінде де атқарылды. Облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының мәліметі бойынша, үстіміздегі жылы өңіріміздің елді мекендерінде барлығы 25 мың жасыл желкен жерге сіңірілмекші.

Берік Қасен