Аптадағы маңызды жаңалықтар

Қызыл су Петропавлға жақындады

Марат Тасмағанбетов – Петропавл қаласының әкімі:

– Қызыл су шетте тұрған үйлердің орамдарына жақындады. Бұл жерде кезекші машина тұр. Шұғыл түрде адамдарды көшіру қажет болса, арнайы техникалар сақай сай. Кешегі күндері 118 адам қауіпсіз жерге шығарылды. Оның 90-ы бала. 147 бас үй жануары тағы бар.

Заречный кентінде бір тәуліктің ішінде қызыл су 40 см-ге дейін көтеріліпті. Бұл жермен қатынас ажарыған. Тұрығындар қоғамдық көлікпен су басқан жерге дейін келеді. Ал ары қарай оларды құтқарушылар арнайы техникалармен жеткізіп отырады. Жалпы Заречный кентінің көшелері құрғақ. Мұнда тұрғындар қалыпты тұрмыс-тіршілігімен айналысуда. Шұғыл түрде адамдарды көшіру қажет болса, арнайы пунктерде дайын тұр. Бүгінде қалада Былғары зауыты кентінде де біраз істер тындырылуда.

Құмар Ақсақалов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

– Былғары зауытында біз ескі дамбаны көтеріп, қажетті материалдарды жеткіздік. Ол жерде де мамандар тиісті істерін атқаруда.

Бүгінде өңірде ахуал тұрақты. Үлкен су Шал ақын мен Есіл аудандарынан өтіп, Қызылжар ауданы мен Петропавл қаласына жақындапты. Қызыл су шаһарда бүгін-ертеңдері жетеді деген болжам бар.

Құмар Ақсақалов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

– Сергеев су қоймасында су деңгейі түсуде. Онда судың ең көп деңгейі 3 метр 38 см-ге дейін жетті. Қазір 1 метр 48 см-ге түсті. Қызыл су Қызылжар ауданындағы Боголюбово мен Неженка елді мекендерінде су орамға кірді. Барлық жағдайды қадағалау үстіндеміз.

Облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың айтуы бойынша егерде Астана қаласынан су жіберілмесе, тасқынның екінші толқыны болмайды.

 

Риат Шони