МТРА жаңалықтары

“Технодом” компаниясы “100 несие біздің есебімізден” акциясын ұйымдастыруда

Қолында мұндай сома болмағандықтан, азамат заттың бағасын бөліп төлеуді ұйғарады. Бірнеше күн өткен соң, сатып алушыға «Технодом» қызметкерлері хабарласып, несиесінің автоматты түрде жабылатындығын айтыпты. Өйткені, азамат «100 несие біздің есебімізден» атты акцияның жеңімпазы атанған.

Радик Синтиков – қала тұрғыны:

– Алғашында бұл ақпаратқа сене қоймадым. Өйткені, бұрын-соңды мұндай шараларда жеңімпаз атанып көрген емеспін. Бірақ, кейін келіп, қаншалықты рас екендігін тексердім. Компания қызметкерлері мені құттықтап, қолыма арнайы сертификат табыс етті. Несием толық жабылғандықтан қуанышымда шек болған жоқ.

Радик Синтиков Петропавлдағы жалғыз жеңміпаз емес. Бұған дейін де 10 шақты солтүстікқазақстандықтың жолы болып, жаңадан рәсімдеген несиелері өтелген болатын. Бірі тоңазытқыш пен теледидар, енді бірі ұялы телефон сатып алған. Тауардың ең қымбаты 300 мың теңгеге рәсімделіпті.

Станислав Дёров – «Технодом» компаниясының супервайзері:

– 100 несие біздің есебімізден» акциясы біздің «Техноақша» жобасы аясында өткізілуде. Шараға қатысу үшін сатып алушылар тауарды «Хоум кредит банкі» арқылы несиеге рәсімдеулері қажет. Барлығы 100 жеңімпаз бар. Мұндай шара бізде алғашқы рет ұйымдастырылуда.

Аталмыш акция еліміздің барлық «Технодом» сауда нүктелерінде ұйымдастырылуда. Сәуірдің 1-нен бастау алған шара енді айдың соңына дейін жалғасады.

 

Айгерим Ержанова