Балалар

Петропавлда халықаралық “Глория” авторлық әндер фестивалі өтті

Аида Туртаева – “Союз – Автор” шығармашылық бірлестігінің жетекшісі, Петропавл қаласы:

– Дәстүрге айналған халықаралық фестивальге біздің елден бөлек, Татарстан мен Ресейдің өнерпаздары қатысуға өтініш білдіріп тұрады. Аталмыш байқау жыл сайын әр түрлі ұранмен өтеді. Бұл жолғысы “Петропавл – достық қаласы” деп аталады.

Жас орындаушылардың өнерін сонау Мәскеуден келген музыкант Павел Фахртдинов бағалап, тәнті болуда. Сайысқа қатысушылар 5 номинация бойынша сынға түседі. Олар “Орындаушы”, “Автор”, “Дуэт”,”Ансамбль”, “Өлең авторы” деп аталады.

Павел Фахртдинов – қазылар алқасының мүшесі, Мәскеу қаласы:

– Мен негізінен фестивальде бақтарын сынап жатқан өнерпаздарға өзімнің ақыл кеңестерімді беремін. Осылайша,олар өздерін сахнада қалай ұстау керектігін үйреніп, қобалжымай бар білгендерін ортаға салады.

Кеште 80-ге тарта бард- әншілері көбінесе өз шығармаларын орындады.

Кирилл Иванов – байқауға қатысушы, Петропавл қаласы:

– Бүгінгі кешке қатысып жатқаныма өте қуаныштымын. Өзімнің жазған “Песня на выбор” әніме келетін болсам, оны бір күн ішінде шығардым. Туындымда әзіл мен ысқақ бар.”Орындаушы” аталымы бойынша бағымды сынаудамын.

Екатерина Квашнина – байқауға қатысушы, Омбы қаласы:

– Осы байқауға жыл сайын келіп тұрамын. Мұнда әр қашан жаңа достар тауып, тәжірибе алмасамыз.

Халықаралық фестиваль 3 күнге жалғасады. Соңында лауреаттардың қатысуымен гала-концерт ұйымдастырылмақ.

 

Тогжан Акмагамбетова