МТРА жаңалықтары

Облыс орталығында “Жан кеңістігі” психологиялық фестивалі өтті

Дмитрий Агапов – психолог:

– Фестивальдің мақсаты – психолог мамандардың қызметін дәріптеу. Психологтар әдетте адамдардың мәселесін шешуге көмектеседі. Ал бүгінгі фестивальдегі тренингтердің барлығы адам бойындағы барша қасиеттер мен қабілеттерін ашуға бағытталған.

Психолог мамандармен түрлі тренингтер және трансформациондық ойындар ұйымдастырылды. Бірі қаражатты пайдалы жұмсауға бағытталса, бірі жан-дүниемен тілдесуге көмектеседі. Солардың бірі – “Өзін-өзі тану спиралі”. Оны 15 жыл бойы осы салада қызмет істеп жүрген психолог-педагог Сәндігүл Байдуашева өткізуде. Маманның айтуынша, бұл ойын шешімі табылмаған сұраққа жауап іздеуге бағытталған. Сонымен қатар ол нақты бір таңдау жасап, алға қойылған мақсатқа жету жолын анық көруге септеседі.

Сәндігүл Байдуашева – психолог-педагог:

– Бұл психологиялық ойын карточкалармен ойнатылады. 1,5-2 сағат уақытты алуы мүмкін. Ең бастысы – ойынның соңында адам өз мәселесін шешуге қажетті ресурстарды өз бойынан табады. Өз алдында кездесетін кедергілерді мойындап, карточкалар арқылы көз жеткізеді.

Шара барысында фестивальге келушілер тек тренингтер мен ойындарға қатысып қана қоймай, қазіргі таңдағы психология саласындағы жаңашылдықтар жайында құлағдар болды.

Ақсәулеш Оразбаева – Химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің психологы:

– Әрбір адам өз мәселесін тауып, өз-өзі танып, белгілі бір мақсатқа жету үшін тренингке қатысып, туындаған мәселелерін шеше алады.

Атап өту қажет, бұл – облыс орталығында өткізілген алғашқы психологиялық фестиваль.

 

Эльмира Садвокасова