МТРА жаңалықтары

СҚО сотында Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы Анатолий Смолиннің қатысуымен жалпы отырыс өтті

Айгүл Ақпанова – Петропавл қаласы мамандандырылған әкімшілік сотының судьясы:

– Мамандандырылған әкімшілік сотта мен 2015-ші жылдан бастап еңбек етемін. Негізі қызметімді қорғаушы болып бастаған едім. Адвокаттық міндетті мен 1998-ші-2002-ші жылдар аралығында атқардым. Кейін Ақмола облысының Зеренді қаласында 3 жыл судья болып істедім.

Отырысқа қатысушылар Айгүл Ақпанованың үміткерлігін бірауыздан қолдады. Бірақ, соңғы шешім Жоғары Сот Кеңесіндегі жалпы отырыста белгілі болады.

Анатолий Смолин – ҚР Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы:

– Судьяларды таңдау қазір «100 нақты қадам» Ұлт жоспары аясында қатаң түрде жасалады. Барлық талаптар аталған құжаттың 17-ші қадамында анық жазылған. Ең алдымен, судьялардың жұмыс сапасына мән беріледі. Сонымен қатар, олардың этикалық норманы сақтауы да ескеріледі.

Қазір өңір соттарына 8 судья қажет. Оның 7-уі – аудандыққа. Оған облысымыздан 11 адам үміткерлік етуде.

 

Айгерим Ержанова