Билік

Сәуірдің 23-і Петропавл су қоймасындағы су деңгей көтеріледі

Құмар Ақсақалов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

– Сергеев қоймасындағы су деңгейі 59 см төмендеді. Толқын Новоникольское селосына жақындап қалды. Петропавлда жолдар мен сорғы станцияларына су жеткізбеу үшін тиісті шаралар қолданылып жатыр.

Бүгінде республикалық маңыздағы күре жолдардың бойына кішігірім бөгендер тұрғызылуда. Осы тұста тілшілер өңірдегі гидротораптардың жағдайын сұрады.

Құмар Ақсақалов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

– Бүгінде Сергеев плотинасындағы шолу алаңын шынымен шайып кеткен. Бұл гидроқұрылымның конструкциясына айтарлықтай нұқсан келтірмейді. Су өткізу жұмыстары одан әрі жалғасады. Биыл Заречный кенті жанындағы саяжайлар мен Былғары зауыты аудандарындағы шеткері үйлерден адамдар мен малдар қауіпсіз жерге шығарылды. Төтенше жағдай орын алса, Ұлттық ұлан сарбаздары мен институт курсанттары көмекке келеді. Аяғы ауыр әйелдер, қарттар мен балаларды ерекше қамқорлыққа аламыз.

Құмар Ақсақалов жедел әрекет ету топтары тосыннан болатын жағдайға сақадай сай деді. Олар өңіріміздің кез келген жерінде зардап шеккен адамдарға ұшақ, реанимобиль сынды көлік құралдарымен лезде жете алады. Қазіргі таңда қызыл су келеді-ау деген Шал ақын, Есіл, Қызылжар аудандары мен Петропавл қаласының шеткі жақтарында арықтар қазылып, бөгеттер орнатылуда. Осындай алдын алу шаралары қызыл суды бөгеуге мүмкіндік береді.

Берік Қасен