Қоғам

Сәуірдің 23-і – Бүкіләлемдік кітап және авторлық құқық күні

Қазір жастар кітап оқымайды деп жатамыз. Статистика көрсеткендей кітапсүйер жерлестеріміз аз емес екен. Ал, бұл қатардағы қыз-жігіттердің үлесі қанша?

– Кітапханаға тек зейнеткерлермен қарттар келеді дегенмен келіспеймін. Жастар мен студенттер тіпті ата-әжелеріне еріп келетін бүлдіршіндер де бар. Кейде тіпті оларға қызмет көрсетіп үлгермей жатамыз.

Облыстық кітапғанаға әр бір жарым ай сайын жаңа туындылар келіп түседі. Соңғылары бүгін оқырмандар назарына ұсынылып отыр. Көркем әдебиет пен тарихи шығармалар, шетелдік авторлардың еңбектері қойылған. Қазақ хандығы кітабының жалғыз ғана данасы бар екен. Осылайша бүгін 8 сынып оқушысы – Темірлан Ғалымжанов кітапхана әлемімен танысты.

Темірлан Ғалымжанов, Қазақ мектеп-гимназиясының оқушысы:

– Қалада бірнеше кітапхана бар. Оған баратын қолым босай бермейді. Спортпен айналысамын. Ал, мектеп кітапханасына барып тұрамын. Енді мұнда да келетін боламын.

23 – сәуір дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күні. Бұған орай облыстық кітапханада ашық есік күні өтуде. Таңнан кешке дейін мұндағы бірнеше бөлімде түрлі қызықты шаралар ұйымдастырылған.

Зәмзәгүл Рамазан, С. Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының кітапханашысы:

– Бүгін түрлі шаралар өткізіп отырмыз. Оқырмандар үшін қызықты.

Кітапхананың киімжайында жұмыс істейтін Зейнеп Ахметованың да кітаптан бас алмайтынын байқадық. Әңгімеге тартып едік, жастайынан түрлі шығармаларды оқып өскен нәзікжанды мұндай мекемеде қызмет ететін тиімді пайдаланатын болып шықты.

Зейнеп Ахметова, С. Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының қызметкері:

– Түскі уақытта, кісі аз кезде кітіп оқып отырамын. Біреуін 1-2 жұмада тауысамын. Аяқтаған бойда жүгіріп барып келесісін ала қоямын. Ішіне үңіліп, ондағы әлемге еніп кетемін.

Кітапханаға келушілер құр қол кетпеді. Ғимараттың шығаберісінде “Сыйлыққы кітап ал” шарасы ұйымдастырылған.

Акбопе Танирберген