Қоғам

“Гүлдене бер, туған ел” экологиялық акциясы жалғасуда

Абылайхан Қайроллаев – «Жас Отан» ЖҚ Петропавл қалалық бөлiмiнiң жетекшiсi:

– Бұл қала тұрғындары үшін өте қасиетті де келбетті жерлердің бірі. Сондықтан әрқашан тазалықта болуы қажет деп ойлаймын.

“Гүлдене бер, туған ел” акциясына қатысушы белсенділер қалаға жаңа ажар сыйлап, көркейтуге міндеттіміз дейді.

Галина Болбачан – Петропавл гуманитарлық-техникалық колледжінің студенті:

– Біз жас әрі қайраттымыз. Өзіміз де осы қаланың тұрғындары болғандықтан, оны әрқашан тазалықта ұстауымыз қажет. Барлық жастарды осындай сенбіліктерге қатысып, қаламыздың таза әрі көрікті болуына өз үлестерін қосуға шақырамын.

Жастар бірер сағат ішінде бекітілген аймақты тазалап шығып, қалыпқа келтірді.
Сондай-ақ, алдағы уақытта белсенділер спорт және демалыс алаңдары сынды жерлерді жинауды жоспарлауда. Жасотандықтардың бастамасын «Петропавл Коммунхоз» серіктестігі де қолдап отыр. Олар жиналған қоқысты шығарып, жастарды қажет құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуде.

 

Эльмира Садвокасова