Құқық қорғау органдары

Қазақстаның ардагерлер қозғалысына 30 жыл толуына орай салтанатты жиын өтті

Құмар Ақсақалов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

– Құрметті ІІО-ың ардагерлері! Сіздерді ардагерлер қозғалысының 30 жылдығымен құттықтаймын! Сіздер ұзақ жылдар бойы еліміздегі тыныштық пен қоғамдық тәртіптің, достық пен бірліктің салтанат құруына ерекше үлес қостыңыздар. Бүгінде өнегелі өмірлеріңіз, мол тәжірибелеріңіз кейінгі буынға үлгі.

Кейін өңір жетекшісі Ұлы Отан соғысының ардагерлері, отты жылардан соң құқыққорғау органдарында қызмет еткен Никита Семенов пен Андрей Плешаковқа Құрмет грамотасын табыс етті.

Ал, тағы екі жан өскелең ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеуге қосқан үлесі үшін Алғыс хат иеленді. Қошеметке бөленгендердің қатарында облыстық ІІД жергілікті полиция қызметі мен әкімшілік полиция басқармасы ардагерлері кеңесінің төрағасы Әбдірахман Тоқышев та бар. Отставкадағы полковник ІІО-да 30 жыл қызмет еткен.

Әбдірахман Тоқышев – СҚО ІІД ЖПҚ және ӘПБ ардагерлер кеңесінің төрағасы:

– Біздің ұйымда 80 ардагер бар. Басты мақсатымыз – қарияларға қамқорлық көрсетіп, жастарға тәрбие беру. Бұл бағытта біздің ұйым өңірде алдыңғы қатарда деуге болады. Соңғы кездері ІІО-дағы жас қызметкерлердің тәртіп бұзуы азайды. Біз әлі де біраз жұмыстар атқарамыз.

Бұл шара Қазақстан полициясының 25 жылдығы қарсаңында ұйымдастырылуда. Бүгін кезінде иық тіресе бірге ауыр да жауапты қызметті атқарған ардагерлер бір-бірімен қуана қауышты. Арасында көршілес Ресейдің Түмен, Омбы, Челябі облыстары мен Мәскеу және Ханты-Мансийск қалаларынан келген меймандар бар.
Сондай-ақ, жиынға ҚР ІІО мен ҰҰ адагерлері кеңесінің төрағасы Өмірзақ Болсамбеков қатысты.

Өмірзақ Болсамбеков – ҚР ІІО мен ҰҰ адагерлері кеңесінің төрағасы:

– “Антың адал бол” деген ер жігітке, азаматқа тән жағдай. Мысалы, өзің бір салада қызмет жасайтын болсаң Отаныңа, еліңе ант бересің. Берген сертіңді ақтап, ел үшін, халық үшін қызмет жасау керек.

Салтанатты жиын соңы облыстық ІІД-і қызметкерлері әзірлеген концертке ұласты.

Риат Шони