Бизнес және экономика

“Алтын сапа” және “Қазақстанның үздік тауары” көрме-байқауына қатысу үшін өтініш беру науқаны жүргізілуде

Евгений Мамыкин- СҚО кәсіпкерлер палатасының маманы:

– “Алтын сапа” байқауы 3 аталым бойынша өтеді. Олар “Халыққа арналған тауар сапасының лидері”, “Үздік индустриялды жоба”, “Үздік инновациялық жоба”. Конкурсқа жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар қатыса алады. Шараны мақсаты – еліміздегі сапалы тауарды анықтау. Олардың сатылуына жағдай жасау болып табылады.

Сонымен қатар, қазір елімізде «Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауы да жұртшылыққа аса танымал. Өткен жылы бұл маңыздың шараның аймақтық кезеңіне “Шәкірова” жеке кәсіпкерлігі де қатысып, 3-ші орын иеленіпті. Аталған өндіріс ошағы түрлі емге дауа болар “Анолит” суын шығарады. Электролиз әдісі арқылы әзірленетін дезинфекциялық дәрі су қант диебеті, тұмау, сібір жарасы сынды ауруларға таптырмайтын шипа.

Гүлшат Шәкірова – “Шәкірова” ЖК директоры:

– Біз анолитті 2015 жылдан шығара бастадық. Қазір айына 200 литрге дейін осындай дәрі шығарамыз. Алдағы уақытта тауарды Алматы қаласындағы туберкулезбен күрес орталығына саудамақшымыз. Тағы, анолитті тұрмыста қолдануға болады. Ол азық-түліктегі, гимарат ішіндегі барлық бактерияны өлтіреді.

Былтырғы «Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауының республикалық кезіңінде “Қаз ет өнімі” серіктестігі арнайы “Іскер” жүлдесіне ие болған еді. Петропавлға 25 сәуір күні Астана қаласынан мамандар келмек. Олар теріскейлік іскер азаматтарға семинар өткізеді. Онда қос байқаудың талаптары түсіндірілмек. Жалпы, екі конкурсқа қатысу үшін жерлестеріміз 1-ші шілдеге дейін өтініш берулері тиіс. Әзірге, бақ сынауға 20-дан аса өндіріс ошаға ниет білдірген екен.

 

Култанов Байболат