Құқық қорғау органдары

СҚО ІІД қызметкерлері ардагерлермен кездесті

Талғат Самаратов – Ауған соғысының ардагері:


–  2000-шы жылы ІІД жұмысқа орналастым. 13 жыл істеп, еңбек демалысына шықтым. Бүгін әріптестеріммен қауышып, мәз майрам болып жатырмыз.

Биыл ардагерлер қозғалысының құрылғанына – 30 жыл, ал Қазақстан полициясына 25 жыл толады. Осы орайда, тәртіп сақшылары қызметтерін орындау барысында қаза болған әріптестерін еске алып, ескерткішке гүл шоқтарын қойды.

Бұл шараға кезінде Қазақстан полициясында қызмет етіп, басқа елге қоныс аударған азаматтар да қатысты.

Владимир Хомяков – СҚО ІІД ардагері:

 

– Қазір мен Ресейдің Ханты-Мансийск қаласында тұрамын. Бірақ, СҚО-ның тумасымын. Осы жақта жұмыс істедім. Алғашқы еңбек жолымды инспектор қызметінен бастадым. Бірақ, 1997-ші жылы Ресейге көшіп, жұмысымды сол жақта жалғастырдым. Жалпы еңбек өтілім – 41 жыл. Мені әріптестерім ұмытпай шақырғандарына ризамын.

Бұдан соң, қонақтарды облыстық ІІД-нің бастығы Берік Біләлов қабылдап, ардагерлерге өз жұмыстары жайлы айтып берді. Кейін ардагерлер департамент ғимаратын аралап, жастық шақтарын еске алды.

Айгерім Ержанова