Мәдениет

Мәдениет қайраткері Қуандық Қасымов атындағы облыстық өнер фестивалі өтті

Поэзиялық композияцияда мәдениет қайреткері Қуандық Қасымовтың өмірбаяны мен еңбек жолына қысқаша шолу жасалды. Қуандық Ишанғалиұлы мектеп жасынан өнерге жақын болған деседі осы залға жиылған жерлестері мен үзеңгілестері.

Рауел Ғаріпжанов – Қуандық Қасымовтың досы, жерлесі:

– Балалық шағында қолынан домбыра түспейтін. Сырнай, аккордеон, мандолина сынды түрлі аспаптарда ойнайтын.

Музыкаға әуестігі оны үлкен армандарға жетеледі. Қуандық Қасымов өзі қалаған мамандық иесі атанып, облысымызда алғашқылардың бірі болып “Ақ бидай”, “Әдемау” сынды бірнеше ұжымдарды жасақтады.

Раиса Қасымова – Қуандық Қасымовтың жұбайы:

– Ол кісінің үнемі айтатын бір жақсы бар еді. – “Мен мәдениетке домбыраны тұншықтырған кезде келгенмін”. Аленді қарашы біздің домбырамыз сахнаның төрінде тұр. Өте қуаныштымын. – деп айтқан. Таныстары, жолдастары, мәдениет саласындағы адамдар, бәрі де Қуандықты өнердің жанашыры болған дейді.

Қуандық Қасымовтың көзін көргендер оны ұлттық сана-сезім мен қазақ мәдениетін үнемі өзінен жоғары қойған дейді. Жерлесіміз аудандық мәдениет үйлері, облыстық филармонияны кейін С.Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрын басқарған. Өнер ордасының деңгейін көтеру үшін халықаралық дәрежедегі драматургтермен жұмыс жасаған.

Біржан Жалғасбаев – С.Мұқанов атындағы облыстық қазақ сазды-драма театрының директоры:

– Театрға 8 жыл басшылық еткен. Осы мерзім аралығында ол кісі нағыз театрал болып кетті. Өйткен бүкіл Қазақстандағы 60-қа жуық театр Қуандық ағаның талантына бас иіп, оны мойындады.

Қуандық Ишанғалиұлы көзі тірісінде Көкшетау, Қарағанды, СҚ облыстарының ақындарының басын құрап, қазақтың айтыс өнерін жаңғыртуға атсалысқан. Ресейдің халық әртістерімен бірлесіп, әр ұлт өкілдерінің ойын-сауық мерекесін өткізіп, халықтар достығын нығайтуға өз үлесін қосты.

Берік Қасен