Денсаулық сақтау

Елордалық нейрохирург-дәрігерлер теріскейлік ақ халаттылармен тәжірибелерімен бөлісті

Анатолий Меркулов:


– Денем дірілдеп, өз ырқыма көнбейтін. Тіпті, төсектен тұра алмай, кейбір қимыл-қозғалыстарды жасай алмайтын кездерім де болды. Бұл ауру мидың барлық қызметінің нашарлауына әкеп соқтырды. Күн сайын жағдайым қиындай түскен еді. Дәрі-дәрмек те көмектеспейтін болды.

Астаналық дәрігер Шыңғыс Шашкин – Анатолий Меркуловқа ота жасаған мамандардың бірі. Ол 2013 жылы өзге де қазақстандық ақ халаттылармен бұл сырқат синдромдарын жеңілдетудің әдісін қолданған. Дәрігерлер дерттің асқынуына жол бермей, бір қалыпта ұстайтын нейростимулятор орнатыпты.

Шыңғыс Шашкин – «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ дәрігер-нейрохирургі, Астана қаласы:

– “Ұлттық нейрохирургия орталығы”-нда 200-ге жуық адамға ота жасадық. Олардың 7-еуі солтүстікқазақстандықтар. Дәрігерлеріміздің тәжірибесі мол. Бұрындары жерлестеріміз шетелдік ақ халаттылардың көмегіне жүгінсе, бүгінде жоғары технологиялық оталарды өзіміздің орталығымызда жасау мүмкіндігі бар.

Астана қаласынан арнайы келген мамандар жүйке жүйесі ауруына шалдыққан бірқатар солтүстікқазақстандықтарды қарап, жергілікті дәрігерлермен тәжірибелерімен бөлісті. Өңірімізде аталмыш саланың білікті мамандары кемде-кем. Әсіресе, бұл жетіспеушілік балалар нейрохирургиясы саласында байқалады.

Шыңғыс Шашкин – «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ дәрігер-нейрохирургі, Астана қаласы:

– Өкінішке орай, Солтүстік Қазақстан облысында балалар нейрохирургі жоқ. Осы мәселені шешу үшін Денсаулықты сақтау министрлігіне сұрау жасатамыз. Жарты миллионнан астам тұрғыны бар өңір үшін бұндай дәрігердің болғаны жақсы. Өз тарапымыздан балалар және ересек нейрохиругтарын оқытуға дайынбыз.

Ұлттық нейрохирургия орталығынан келген балалар дәрігері “Сәбилер үйіндегі” науқастардың жағдайын да біліп қайтты. Бұл орталықта 40-қа жуық бүлдіршін әр түрлі соматикалық жүйке жүйесі ауруларына шалдыққан. Олардың 3-еуіне шұғыл түрде ота жасау қажет.

Абай Исканов – «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ балалар дәрігер – нейрохирургі:

 

– Сәбилер үйінде 3 науқасты қарадық. Оларға кеңес бердік. Алайда шұғыл түрде ота жасату қажет.

“Жоғары технологиялық күндер” акциясы аясында елордалық дәрігерлер шаһарымызда екі күн бойы науқастарды қабылдап, кейін Қостанай қаласына аттанбақ.

Эльмира Садвокасова