Құқық қорғау органдары

СҚО есірткіге тәуелді 700 адам тіркелген

Елена Патютко – облыстық наркологиялық орталықтың нарколог-дәрігері:

– Қазір қоғамда жаңа дизайнерлік есірткі туралы жиі естиміз. Ол синтетикалық есірткі немесе спайс деп аталады. Оны пайдаланған адамды иісшіл иттер де, тіпті медициналық тексеріс кезінде де анықтау мүмкін емес. Бірақ, спайсты қолданғандар бірден ренимация бөлімінен шығады. Героин мен марихуанадан гөрі , сайстан өліп кету қаупі жоғары.

Елімізде есірткі мен осы тектес заттарды қолданып, оны таратуға заңмен тыйым салынған. Десе де, наркобизнеспен айналысатын адамдарға бұл да кедергі келтірер емес. Жыл сайын олар зиянды заттардың құрамын өзгертіп, оны саудалап келеді. Мәселен, өңірімізде жыл басынан 20 келі есірткі тәркіленіп, зиянды затты сатумен айналысқан 30 адам ұсталған.

Сейілхан Жұмағұлов – СҚО ІІД Есірткіге қарсы күрес басқармасының бастығы:


–  Өңірімізде наркобизнеспен күрес күн сайын жүргізіледі. Осы ретте биыл мамандар зиянды затты сақтаумен айналысқан 46 адамды анықтады. Қазір облысымыз бойынша есірткіге тәуелді 700 азамат тіркеуде тұр. Ел бойынша бұл сан 32 мыңға жетеді.

Заман кеселімен мамандар белсенді күресуде. Статистикаға сүйенетін болсақ, қазір өңірімізде героин сынды ауыр есірткіні пайдаланушылар саны 5 пайызға қысқарған. Дегенмен, профилактикалық шаралар әлі де жалғасуда. Дәл қазір олар жастарға есірткі мен оның кері әсерлері туралы әңгімелеуде. Оқушылармен кездесуге бокстан жеңiл салмақтағы WBA (Super) нұсқасы бойынша әлем чемпионы Жанат Жақиянов та келіп, ұл-қыздарды спортпен айналысуға шақырды.

Жанат Жақиянов – бокстан жеңiл салмақтағы WBA (Super) нұсқасы бойынша әлем чемпионы:

– Темекі шегіп, алкоголь ішіп тұрған жэастарды көрсем, оларға ескерту жасауға тырысамын. Бұл істің дұрыс еместігін айтамын. Бос уақыттарыңда спортпен айналысыңдар деймін.

Бұл ретте жастардың да өз айтарлары бар.

–  Бір-ақ рет өмір сүреміз, сондықтан бұл өмірде барлығын көру керек дегенді жиі естиміз. Десе де бұл аузыңа көрінген затты алып, нашақор болу емес қой. Теріс әрекеттерден сақ болу үшін пайдалы іспен айналысқан жөн.

Айгерим Ержанова