Білім

Петропавлдық жасөспірімнің инновациялық жобасы жүзеге аспақ

Кейін, жерлесіміз бұл жұмысын “Жас Отан” ЖҚ ұйымдастырған республикалық “НURINTECH” байқауына жіберген. Сайыста өнертапқыштың асығы алшысынан түсіп, “Арнайы жүлде” аталымын жеңіп алды.

Сергей Швец – Химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің студенті:

– Менің, туындым экологиялық тұрғыда таза. Қапшықтарды қоқыс төгу үшін пайдаланған жағдайда өздігінен 1 жарым 2 айдың ішінде жойылып кетеді. Пластик ыдыс-аяқтар да солай. Өздеріміз көріп жүргендей, қазір табиғат аясында қоқыс көп. Бұдан арылуымыз қажет. Мен бұрыннан таза ауаны ластамайтын заттарды жасап шығаруды армандайтынмын.

Бүгін Сергейдің бала арманы орындалып отыр. Жасөспірімнің жобасы “Нұр Отан” партиясының жергілікті филиалы мен қаламыздағы полиэтилен заттарды шығаратын “Алькор-СК” серіктестігі тарапынан қолдау тапты. Осылайша үш жақты меморандумға қол қойылды. Енді, жас өнертапқыш аталған кәсіпорында өзінің тың жобасын жүзеге асыруды бастамақ.

Валерий Шабанов – “Алькор-СК” ЖШС директоры:


–  9-шы сынып оқушысының ойлап тапқан дүниесіне қолдау танытуымыз қажет. Өйткені, бұл серіктестік үшін тиімді. Қазір біздің кәсіпорын полиэтилен заттар жасау үшін Ресейден арнайы түйіршік әкеледі. Бұл өте қымбат. Ал, Сергейдің жұмысы крахмалдан жасалғандықтан шығынымызды азайтады.

Жиынға жастар да қатысты. Олар Сергей Швецтен биополимер қапшықтар мен пластик ыдыс-аяқты әзірлеу ережесін қызыға сұрап білді. Ал, кездесу соңында меморандум жасасқан әріптестер естелік суретке түсті.

Байболат  Култанов