Білім

Облыс орталығында ағылшын тілін үйренудің тың әдістері бойынша семинар өткізілуде

Бұл – ағылшын тілін үйренудегі әдістердің бірі. Ұйқасқа құрылған қысқаша ән балаларға кей сөздердің екпіні мен айтылуын тез есте сақтауға мүмкіндік береді.

Дебора Фарли – ағылшын тілін үйрету әдістері бойынша жетекші маман, АҚШ:

– Бағдарлама ағылшын тілін оңай әрі тиімді үйретуге бағытталған. Балаларға арнап әр түрлі әдістерді ойластырдық. Ұйқасқа құрылған ән, өлеңнен басқа, сахналанаған қойылым мен ойындарды қолданамыз. Бұл тәсілдерді қолдану барысында олар тілдерін жаттықтырып, грамматика мен айтылым, тыңдалымдарын да пысықтайды.

Бұл бағдарлама қазір әлемнің түкпір-түкпірінде қолданысқа енген. Мәселен, Жапония, Мексика, Чили, Сальвадор сынды елдердегі бүлдіршіндер мен оқушылар ағылшын тілін дәл осы әдіспен меңгеруде.

Дана Нұрышева – С.Шаймерденов атындағы қалалық классикалық гимназияның ағылшын тілі пәні мұғалімі

– Семинар барысында бастауыш сынып оқушыларына ағылшын тілін тиімді оқыту стратегияларымен таныстырды. Біз үшін өте қызықты болды. Осы 3 күн ішінде үйренген әдіс-тәсілдерді өз сабақтарымызда тиімді пайдаланамыз деген ойдамын.

Бұл жоба бастауыш сыныптардағы “Ағылшын тілі” пәні бойынша жаңартылған бағдарламалар жүйесін енгізуге арналған. АҚШ елшілігінің қолдауымен өткізілген 3 күндік семинарға 60-қа жуық шет тілі мұғалімдері қатысып, халықаралық үлгідегі сертификаттармен марапатталады.

 

Эльмира Садвокасова