Мәдениет

Н.Погодин атындағы орыс драма театры 131 маусымға дайындығын бастап кетті

Сергей Федоров – «Шалом» еврей театрының қоюшы-режиссері, РФ:


– Орыс драма театрының ұжымымен бұған дейін де жұмыс жасағандықтан, олардың әртістерін танимын. Алайда, әрбір спектакль сайын актердің жаңа қырын ашып, оны басқа бағытқа бұруға тырысамын. Бұл басқа қойылымдардан өте ерекше және күрделі болатынына сенімдімін.

Үлкен дайындықты талап ететін спектакльге режиссер хореография мен вокалды арқау етіп алмақшы. Күрделі би қимылдарын ойластыру жағы Екатеринбург қаласынан келген хореограф Олег Арзамазцевқа жүктелген. Ол екі күн бойы театр әртістерімен жұмыс жасап, шеберлік сыныптарын да өткізді.

“Поминальная молитва” қойылымына театрдың 30-ға жуық әртісі қатыспақ. Бұл барлық труппаны құрап отыр.

Елена Покрас – Н.Погодин атындағы орыс драма театрының көркемдік жетекшісі:

– 131 маусым орыс драма театрының 130 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келіп тұр. Сондықтан, маусымның ашылуына классикаға айналған Григорий Гориннің “Поминальная молитва” пьесасын дайындамақпыз. Бұл туынды түрлі ұлт өкілдері мен олардың мәдениеті, салт-дәстүрлері жайында. Бүгінгі таңда өте өзекті деп санағандықтан, осы пьесаны таңдадық.

Аталмыш спектакль ағымдағы жылдың қазан айында көрермен назарына ұсынылмақ.

 

Эльмира Садвокасова