Аптадағы маңызды жаңалықтар

«Нұр Отан» партиясы СҚОФ төрағасы сайланды

Соның алғашқысы «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының төрағасын сайлау болып отыр. Бірінші сауал бойынша сөз алған «Нұр Отан» партиясының хатшысы Фархад Қуанғанов бұл қызметке облыс ікімі Құмар Ақсақаловтың кандидатурасын ұсынды. Оны жиылғандар бірауыздан қолдады.

Кейін Фархад Қуанғанов партиялықтар алдына тапсырмалар жүктеді.

Фархад Қуанғанов – «Нұр Отан» партиясының хатшысы:


–  Ұлт көшбасшысының жүргізіп жатқан барлық реформалары халықтың әл-ауқытан жақсартып, елімізді дамытуға бағытталған. Сондықтан партия алдында Елбасы жүктеген стратегиялық міндеттер тұр. Президент, партия төрағасы біздерге мемлекеттік, үкіметтің және өңірлік бағдарламалардың орындалуына қоғамдық бақылауды күшейтуді тапсырды. Елбасының 100 нақты қадам ұлт жоспары партияның сайлауалды бағдарламасы болып қабылданған еді. Осылардың барлығын жүзеге асыруға мүмкіндіктер жетерлік.

Өз кезегінде «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының төрағасы болып сайланған аймақ жетекшісі Құмар Ақсақалов сенім білдірген Елбасына алғысын айтып, мемлекет басшысы, партия төрағасы жүктеген міндеттерді бірлесіп шешу керектігіне тоқталды.

Құмар Ақсақалов – «Нұр Отан» партиясы СҚОФ төрағасы, СҚО әкімі:

– Партия алдында қандай міндеттер тұрғандығын жақсы білемін. Өзім де осы ұйымда бұған дейін 4-5 жыл істеген болатынмын. Тәжірбием бар. Сондықтан партиялықтарды бірлесіп жұмыс жасауға шақырамын. Әрине қоғамдық бақылауды күшейтудің маңызы зор. Өйткені аудандарды аралағанда көптеген мәселелердің бар екендігін аңғардым. Сол себепті бұл жұмыса олар да белсенді қатысады деген ойдамын. Халық бізге сенеді. Соны ақтау қажет.

Бұдан соң кездесуде 2017 жылдың алғашқы тоқсанында партияның облыстық филиалы атқарған шаруалар жайлы айтылды. Бұл ақпараттан жиналғандарды құлағдар еткен «Нұр Отан» СҚОФ төрағасының бірінші орынбасары Артур Молдағұлов, жыл санап саяси ұйым құрамына енгісі келетіндердің қатары артып келеді деп отыр. Тағы мұндағылар Елбасы жолдауы мен стратегиялық құжаттарында айтылған барлық міндеттерді жүзеге асыруға білек сыбана кіріскен.

Артур Молдағұлов – «Нұр Отан» СҚОФ төрағасының бірінші орынбасары:

 

– Партия төрағасы айтқандай біздер барлық мемлекеттік бағдарламалардың, соның ішінде әсіресе, «Нұрлы жол» жобасының орындалуын жіті қадағалаудамыз. Оларды жүзеге асурыға бөлінген қаржы депутаттардың үнемі бақылауында. Халықтың сенімі жақсы. Сондықтан тұрғындармен де жұмыс жасалады. Жыл басынан партияның қоғамдық қабылдауына азаматтардан 856 өтініш келіп түсті. Олардың негізгі бөлігі тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, әлеуметтік және жұмыспен қамту мәселелерігне қатысты болып отыр.

Кейін «Нұр Отан» СҚОФ саяси кеңесінің құрамын өзгерту мәселесі қаралды. Ал жиын соңында сөз алған «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының төрағасы – Құмар Ақсақалов өңір экномикасын дамыту тетіктеріне тоқталды.

Магжан Ахмадина