Мәдениет

СҚО-дағы “Кентрон” армян мәдени орталығына – 20 жыл

Геворк Геворкян – «Кентрон» армян мәдени орталығының төрағасы:

– Біз тәуелсіз елде тұрамыз. Мемлекетімізде барлық ұлттардың құқықтары тең. Өйткені, басқа елде салт-дәстүр сақтауға шектеу қойса, Қазақстанда олай емес. Балаларымыз төл тарихын, тілін, дәстүрін біліп өсіп келеді.

17 жасар Карина Сафарян “Кентрон” мәдени орталығындағы жастарға жетекшілік жасайды. Жасөспірімді осында әкесі кішкентай кезінде жетектеп әкелген. Оның айтуынша, армян жастары аға буын өкілдерімен бірге осында салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарынан сусындау үшін келеді. Мұнда өз тілдерінде сөйлеп, ұлттық билерін билейді.

Каринаның өзі бүгінгі кешке белсенді атсалысып жүр.

Карина Сафарян – «Кентрон» армян мәдени орталығының жастар көшбасшысы:

– Бүгінгі күнге өте қызу дайындалдық. Мен өзіміздің ұлттық билеріміздің барлығын білемін. Өйткені, өз мәдениетімді жаңғыртуға үлес қосқым келеді. Осындай тату тәтті мемлекетте өмір сүріп жатқаныма қуаныштымын.

Бүгіндері өңірімізде 2 мыңға жуық армян ұлтының өкілдері тұрады. Олар қазір мемлекеттік тілді үйренуге ден қойыпты. Туған елді сүйіп, дәстүрлерін құрмет тұту көпұлтты еліміздің әр азаматына міндет дейді.

Тогжан Акмагамбетова