Білім

Республика бойынша оқу жетістіктерін сырттай бақылау басталды

Дария Шуталева – “Дарын” мектеп-лицейінің оқушысы:


– Өз басым математикадағы жылдамдық пен қашықтыққа байланысты сұрақтардан қиналып қалдым. Сондықтан, асықпай ойланып шешу керек.

2012-жылдан бастап енгізілген ОЖСБ-дан 9-шы сынып оқушыларының білімі бекітілген 5 пән бойынша тексерілетін. Ал, өткен жылы бұл пәндер тізімі күрт өзгеріске ұшырады. 2 сағат 10 мин ішінде олар қазақ тілі мен жалпы пәндердің бірі бойынша білімін ортаға салып, 60 сұраққа жауап берулері қажет.

Владимир Шпак – “Дарын” мектеп-лицейінің 9-сынып оқушысы:

– Маған екінші пән ретінде алгебра түсті. Бұған өз басым қуаныштымын. Алгебраны сүйіп оқимын әрі математикадан талай рет олимпиадаға қатысып, жүлделі орындарға ие болған едім. Бірақ, 40 сұрақтың 25-іне 1 дұрыс жауап болса, 15-інде бірнешеуі болуы мүмкін. Сондықтан, мұқият орындау қажет. Өз басым нәтижесі қуантарлық болады деген ойдамын.

Бұл сында 11-ші сынып оқушылары үшінбіраз өзгерістер енгізіліпті. Олар, жаңа форматтағы ҰБТ-ге енгізілген 3 басты пән бойынша сыналады. Бірі – Қазақстан тарихы болса, қалған екеуі – математикалық және оқу сауаттылығы. Өңір бойынша оқу жетістіктерін сырттай бағалауға 144 түлек ілінген.

Татьяна Гапчич – СҚО білім саласындағы бақылау департаменті білім сапасын сырттай бағалау бөлімінің жетекшісі:

 


– Оқу жетістіктерін сырттай бағалау балалардың біліміне сараптама жүргізу үшін енгізілді. Биыл 14 мектептің 1400-ге жуық оқушысының білімі сынға алынады. Нәтижелері белгілі болған соң мониторинг жүргізіп, қай пәнге басымдық беру керектігі анықталады.

Жалпы облыс бойынша тестілеудің нәтижелері ағымдағы айдың 28-і белгілі болмақ.

Эльмира Садвокасова