Мәдениет

Петропавлда “Қыз жылаған түн” спектаклі жұртшылық назарына ұсынылды

Алмаз екі рет үйленген. Бірінші жарынан 1 қыз қалса, екінші әйелінен 2 ұлы бар. Қызығы, көңілдестер бір ауылдан болып шығады. Бұған қоса Гүлнұрдың есірткі қабылдайтын әдеті де бар. Мұны Алмаз байқап қалады. Қойылым кезінде қулықшыл бойжеткен өзін СПИД-ке шалдыққандығын айтады. Жағымсыз жаңалықты естіген ер азамат ызаға булғып, қызды өлтіруге ұмтылады.

Бұл спектакьлде Гүлнұрдың рөлін театр труппасының жас актрисасы Мөлдір Тағаева ойнауда. Осыған дейін өнерпаз 30-дан аса қойылымға қатысқан екен.

Мөлдір Тағаева – І.Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театрының актрисасы:

– Әр рөлге ерекше дайындалу керек. Мен, Гүлнұрдың өмірімен ерекше таныстым.

Сөйтіп, Гүлнұр кетуге дайындалады. Осы сәтте Алмаз қыздың қалтасынан түсіп қалған фотоны байқайды. Суретке зер салған ол өзінің бұрынғы таныс әйелін көреді. Бұған жүрегі қысылып, біраз ауырады. Қойылым соңында теледидардан Алмаздың ұлы террористік топ құрамында қолға түскендігі жаңалықтардан көрсетіледі. “Бұл қойылымды жарыққа шығаруға қоғамдағы өзекті мәселелер итермеледі” дейді,- ҚР халық әртісі, режиссер Ерсайын Төлеубай.

Ерсайын Төлеубай – І.Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театрының көркемдік жетекшісі

– ХІХ ғасырда қоғамда дерт пайда болды. Мәденетсіздік, үлкенді сыйламау деген сияқты. Міне, осының бәрі қойылымда көрсетіледі.

1 жарым сағатқа созылған қойылым теріскейліктердің көңілінен шықты. Драмалық туындыдан, әсіресе жастар жағы мол әсер алдық дейді.

–  Қазіргі қоғамда мұндай қыздар жоқ емес, бар. Осы қойылымда дұрыс жолдан адасқан жандардың өмірі анық көрсетіледі.

– Әртістердің шеберлігі керемет. Маған қатты ұнады.

Спектакль соңында өнер ұжымына өңір жетекшісі Құмар Ақсақаловтың атынан ықылас гүлі табысталды.
Айта кетейік, І.Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театры актерлерінің Петропавлға жасаған гастролдік сапары үш күнге жоспарланған. Кейін, талантты өнерпаздар Көкшетау қаласына аттанбақ.

 

Байболат Құлтанов