Қоғам

М.Қозыбаев атындағы СҚМУ мен Солтүстік Қазақстан облыстық соты арасында меморандумға қол қойылды

Жұлдыз Оспанова – Солтүстік Қазақстан облыстық сотының кеңсе меңгерушісі:

– Бұл екі жаққа да маңызды құжат болып табылады. Студентер мен магистрантар облыстық сотта тәжірбиеден өтуге мүмкіндік алды.

Жиын әсіресе заңгер мамандығы бойынша білім алып жүрген жастарға қызықты. Студенттер оқылған дәрістен қазіргі сот жүйесі, заңдарға енгізілген өзгерістер мен судьялардың жұмысынан хабардар болды. Айгерім Нағуманова келешекте сот қызметкері болуды қалайды. Бойжеткен бүгінгі кездесуден өзіме қажетті мол ақпарат алдым дейді.

Айгерім Нағуманова – М.Қозыбаев атындағы СҚМУ студенті:

– Сот қызметкері өте әділ болуы керек. Ол барлық заңды, кодексті білуі шарт.

Жалпы, Солтүстік Қазақстан облыстық сотының қызметкерлері мен судьларының басым көпшілігі жергілікті университетті бітіріпті. Қазіргі таңда М.Қозыбаев атындағы СҚМУ құқықтану мамандығы бойынша 500-ге жуық жас оқиды. Оның 140-тан астамы оқу орнын биылғы жылы тәмамдамақ.

 

Култанов Байболат