ТКШ

Мамыр айында 180 петропавлдық қоныс тойын тойлайды

Ақбөпе Тәңірберген: тілші:

– Мен жүрген мына үш бөлмелі пәтердің аумағы – 86 шаршы метр, биіктігі – 2,5 метр. Ал, әр шаршы метрі – 115 мың теңге. Мұндай баспананың иесі болу үшін қанша қаржы керектігін ескере беріңіз.

Басты шарт – Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшысы болу. Баспана сомасының 30 пайызы шотыңызда болса, қалған 70 пайызын 5 пайыздық үстемемен төлейсіз. Екі үйдегі 180 баспананың 140-ы “Нұрлы жер” мемлекеттік бағдарламасы бойынша тұрғындарға үлестіріледі. Бұл ретте сәуірдің 12-нен Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің сайтында өтініштер қабыдануда. Қазірдің өзінде 174 теріскейлік ниет білдірген. Ал, науқан болса мамырдың 9-на дейін жалғасады.

Алтай Жуанышпаев, ”Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі” АҚ СҚОФ құрылыс бойынша бас маманы:

– Жүз пәтерлі үй ғой. Оның 50 пайызын банктің салымшылары алса, қалғанын әкімдікте кезекте тұрған кісілер алады. Бірақ олар да банк салымшысы болуы міндетті. 04:04 Күн сайын беріп жатыр кісілер. 9 мамырға дейін уақыттары бар. Ниет білдірушілер көп.

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі мамандарының айтуынша нарықтағы бағамен салыстырғанда бұл үйлердің құны анағұрлым тиімді. Егер жеке құрылыс компаниясы баспананың шаршы метрін 220 мың теңгеге бағаласа, қайталама нарықтағы үйлердің әр шаршы метріне 175 мың теңге жұмсайсыз. Банктің жеңілдіктері мен “Нұрлы жер” бағдарламасының тиімділігі осында. Мұндай оңтайлы мүмкіндікті пайдаланған 180 петропавлдық мамырдың соңында қоныс тойын тойламақ.

Ақбөпе Тәңірберген