Аптадағы маңызды жаңалықтар

Есіл өзені жақында арнасынан асуы мүмкін

Бұндағы су деңгейі тасқын басталғаннан бері 2,5 метрге дейін көтерілді. Мамандар тіршілік көзін 92,67 пайыздың маңайында ұстайды екен. Оның деңгейі ұдайы бақылауда. Су қоймасы әлі де болса тола қоймапты. Бұл жерге тасқын Сергеев су қоймасынан көп келеді деп күтілуде.

Қайрат Мұхамадиев – Петропавл су торабының басшысы:

– Шлюздарды 5 күн бұрын аштық. Өзендегі мұздар тез қимылдап кетпес үшін су деңгейін барынша бір қалыпта ұстауға тырысудамыз. Сергеев су қоймасынан тіршілік көзі жеткенде біздегі деңгей 4 метрге дейін жетеді деп болжануда. Біздегі норма ол 92,70 пайыз. Ал үлкен су келгенде 95-ке дейін жетпек. 100-ден әрі асырмаймыз. Жалпы су торабындағы құрылғылар жұмыс істеуге толыққанды дайын.

Бүгінде Сергеев су қоймасы ернеуінен асып, оның ағысы 3 метр 35 см-ге жетіп отыр. Бұл тораптан секундына 3,5 мың текше метр тіршілік көзі ағызылып жатыр. Сәйкесінше Есіл өзені Петропавлда жақын арада арнасынан асады деген болжам бар. Осы ретте бүгін қалалық әкімдікте шұғыл түрде тасқынға қарсы комиссияның отырысы өтіп, алдағы жұмыстар нақтыланды.

Қайролла Ғалеев – Петропавл қаласы әкімінің орынбасары:

– Заречный кенті мен Петропавл су торабында бекеттер орнатылып, онда тәулік бойы кезекшілік атқарылатын болады. Бүгіннен бастап осы маң мен саяжайшыларға үйлерін су басуы мүмкін екендігі жөнінде ескерту жасалды. Жалпы биыл шаһар сыртына 700 текше метр қар шығарылды. Апаттық бригада жасақтап, оны арнайы техникалармен қамтамасыз еттік. Бұл тасқынның алғашқы толқыны болатын. Оны жақсы өткердік. Енді екінші толқыны жақындап келе жатыр. Ол Есілдің арнасынан асуы болып тұр.

Айта кету қажет, биыл қаладағы Заречный, Былғары зауыты кенттері, Саяжайлар мен Мичурино ауданы су басу қауіпінде тұр. Мамандар Саяжайда тұратын халыққа өз өмірлеріне қауіп төндірмей, ол жақтан уақытша кетулерін сұрауда. Өйткені апат айтып келмейді.

Риат Шони